1625526 Материалдық жағдайын да реттеп алған ол тәуелсіз әйел екенін алға тартып, жан сырымен бөлісті. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Лауазымды қызметтегі астаналық әйел бала көтеру үшін үйленген еркек іздеп жүр

Астаналық тұрғын бала көтеруге "көмек беретін" еркекті жан ұшырып іздеп жүр. Ана болуды мақсат еткен елордалық әйел болашақ баласының әкесіне қоятын талаптары да барын айтты деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Лауазымды қызметтегі астаналық әйел бала көтеру үшін үйленген еркек іздеп жүр

Көрнекі сурет: liveinternet.ru

32 жастағы тұрғын қызметтік баспалдақта бірқатар белестерді бағындырып үлгерген, бүгінде ол мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек атқарып отыр. Материалдық жағдайын да реттеп алған ол тәуелсіз әйел екенін алға тартып, жан сырымен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Депутаттар мен әншілерді шошытқан Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандады

«Мен де барлық қыздар секілді тұрмысқа шығып, бала сүюді, болашақ күйеуімнің туыстарымен араласуды арман еттім. Мен бұған дейін ер азаматтармен кездесіп жүрдім, тек қарым-қатынасымыз отбасы құруға дейін бармады. Уақыттың өтіп жатқанын жасқы білемін. Қартаймасам, жасармасым анық. Ал бала қажет», - деді ол есімі көпшілікке жария етілмеген жағдайда ғана өзінің басынан өткерген оқиғаны бөлісетінін жеткізіп.

Тұрмысқа шығу туралы ойлауға оның уақыты да, зауқы да жоқ екен. Себебі бұл қызметіне талай жылдан бері тер төгіп қол жеткізген ол «креслосынан» бір сәтте бас тартқысы келмейді. Ал жасы өтіп бара жатқан ол балалы болудың осы бір ыңғайлы тұсын ойлап табады.

«Мен жақында бір танысыма менің баламның әкесі болу туралы ұсыныс айттым. Оның жасы 35-те. Үйленген, балалары бар. Болашақ баламды тәрбиелеп, бағу туралы сөз жоқ. Ол тек баланы жасап береді, болды. Тәрбиелеу, тамақтандыру, жалпы болашағын жасауды өзім-ақ жүзеге асыра аламын. Маған тек баланың әкесі қажет», - деген астаналық іздеген ер азамат міндетті түрде үйленген болуы шарт екенін айтты.

Тағы оқыңыздар: Желіде масқарасы шыққан өскемендік шенеуніктер оңбай жазаланды

Оның ойынша, отбасылы еркектер оңды-солды қыздарға бармайды. Демек олар жыныстық аурумен ауырмайды. Денсаулығында да кінәрат бола бермейді. Сонымен қатар әйелі барлардың төсек қатынасында тәжірибесі мол болады.

«Әрине, мендегі жағдай ерекше. Бәлкім мұным үшін мені сөгетіндер де табылатын шығар. Бірақ басқа амал мен көріп тұрғаным жоқ», - деп сөзін түйді 32 жастағы әйел азаматы.

Источник: NewTimes.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 170

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .