1625328 Оқырман: Сіз өз даусыңызға сеніп тұрсыз, басқалар қайтпек?! ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова фонограммамен ән айтатын әншілерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынды (видео)

Мөлдір Әуелбекова еліміздегі көптеген телеарналардың әншілерге жанды дауыста ән салғызып жүргенін айтты. Әртіс осы бастаманы қолдайтынын білдіріп, фонограммамен ән айтатындарға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова фонограммамен ән айтатын әншілерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынды (видео)

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram

"Бүгінгі күні еліміздің концерт не болмаса, телевизиялық бағдарламаларында жанды дауыста ән шырқау еселеніп қолға алынуда! Қуаныштымын! Енді фонограммаға мүлдем заң жүзінде тиым салынса, тіпті тамаша болар еді!",- деп жазған ол желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Бүркітсіз өмір сүре алмайтынын түсінген Аиша оған өзі бірінші ұсыныс жасаған

Мөлдірдің бұл ұсынысын оқыған тыңдармандары онымен толықтай келісетіндерін жеткізді.

"Сіз өз жанды даусыңызға сеніп қуанып тұрсыз. Ал əн айта алмайтындарға обал болады. Шыңғырып ақша тауып жүргендер де бар ғой. Сіздің даусыңыз ерекше!", "Қазір жанды дауыста əн айтуға көңіл бөлініп жатқан себебінің бір ұшы - Димашқа келіп тіреледі. Димаштың арқасында халық кімнің кім екенін біле бастағандай. Оларды бұрынғыдай алдап жүре беру де мүмкін емес болып барады. Сондықтан жанды дауысқа көңіл бөлініп, осындай бағдарламалар пайда бола бастады", "Дұрыс айтасыз, жақсы ұсыныс!", "Қолдаймын", -деп жазды олар.

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 34

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .