1624806 Бүркіт өзінің ғашығына бір емес, үш мәрте үйленуге ұсыныс жасағанын, алайда Аиша қарсылық білдіруден шаршамағанын үнемі еске алып жүреді. Культура и шоу-бизнес

Бүркітсіз өмір сүре алмайтынын түсінген Аиша оған өзі бірінші ұсыныс жасаған

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің көбісі ұлттық көзқарасты ұстанып жүрсе де, олардың арасында менталитетке қарама-қайшы келетін әрекеттерге баратын әншілер бар. Мәселен, танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның махаббат хикаясы өзгелерге мүлде ұқсамайды. Өйткені сұлу бойжеткен сүйіктісіне өзі ұсыныс жасаған.

Бүркітсіз өмір сүре алмайтынын түсінген Аиша оған өзі бірінші ұсыныс жасаған

Бүркіт пен Аиша. Фото: comode.kz

Бұл туралы Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бүркіт өзінің ғашығына бір емес, үш мәрте үйленуге ұсыныс жасағанын, алайда Аиша қарсылық білдіруден шаршамағанын үнемі еске алып жүреді. Айтуынша, биші қыз еркіндікпен қоштасуға дайын болмапты және Бүркіт үйренген шоу-бизнес өміріне аса қызығушылық танытпаған.

Тағы оқыңыздар: Жезқазғандық аспаздар пенопластан пісірілген тортты 18 000 теңгеге сатқан (видео)

Кезекті "жоқ" деген жауаптан әбден мезі болған әнші бәріне қолын бір сілтеп, шетел асып кетеді. Алайда, елге қайтып оралған Бүркіт алдына келіп тұрған Аишаны көріп қатты таңғалған. Бойжеткен өзінің онсыз өмір сүре алмайтынын түсінгенін мойындап, шаңырақ көтеруге ұсыныс жасайды.

Осылайша бас қосқан жұлдызды жұп үйлену тойларын 2010 жылы атап өтті. Қазірде олар екі ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Источник: Comode.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 18

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .