1623176 Пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы Андрей Драчевті Хабаровск қаласының орталығында соққыға жыққанын көрсететін видео тараған болатын. В мире

Әлем чемпионын өлтіріп кеткен күдікті полицияға өзі келіп кінәсін мойындаған

Әлем чемпионын өлтірді деп күдікке ілінген Хабаровск тұрғыны Анар Алияр оглы Аллахверанов құқық қорғау органына өзі келіп, кінәсін мойындады деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА-Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы Андрей Драчевті Хабаровск қаласының орталығында соққыға жыққанын көрсететін видео тараған болатын. Ол жерде бір жігіт Драчевті айналып тебу әдісімен сұлатып салады.

Тағы оқыңыздар: Бакуде гейлер мен жезөкшелерді полиция күшпен қамап тастады

Осы оқиғадан кейін Драчев ауруханада көз жұмған еді. Ал күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Анар Аллахверанов құқық қорғау органына өзі келіп, кінәсін мойындады.

Тергеушілер оған қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша ол 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Астанада ойнап жүрген мектеп оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды (фото)

Андрей Драчев пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы болған. 32 жастағы спортшы 120 келі салмақта күш сынасқан еді. Карьерасы аяқталғаннан кейін ол бодибилдингпен шұғылданған.

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .