1622832 Өнердегі жұлдызды әріптестері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртасқа еліктеген ол талай рет желідегі тікелей эфир кезінде өзінің әлі үйленбегенін айтқан болатын. Культура и шоу-бизнес

Үйленгенін жасырып келген отандық танымал әншінің тұңғышы дүниеге келді

Ақтөбе облысынан шыққан танымал әнші әрі актер, «Сүйгенің қайда», «Сен қорқақсың» хит әндерінің авторы Нұрболат Абдуллин әке атанды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Үйленгенін жасырып келген отандық танымал әншінің тұңғышы дүниеге келді

Нұрболат Абдуллин. Фото: aktobenews.kz

Бұл туралы әншінің жұбайының Instagram парақшасынан белгілі болды.

Нұрболаттың сүйген жары Гүлфарида тұла бойы тұңғышын өмірге алып келген. Оны барлық жақындары мен достары желіде құттықтап жатыр.

Бір қызығы, Нұрболат Абдуллин бүгінге дейін үйленгенін жасырып жүр.

Өнердегі жұлдызды әріптестері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртасқа еліктеген ол талай рет желідегі тікелей эфир кезінде өзінің әлі үйленбегенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде қорқынышты киноның бетпердесін кигендер кәсіпкерді тонап кеткен

Еске сала кетейік, Нұрболат Абдуллин Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында туған.

Ол отандық «Көзайым» сериалында басты рөлді сомдап, актер ретінде жақсы бағаға ие болды. Сондай-ақ, Абдуллиннің әндері той қонақтарының арасында аса танымал.

Источник: AktobeNews

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 53

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .