KZ
Ислам қаржыларына жол ашылуда
Новости Финансы

Ислам қаржыларына жол ашылуда

Расказать Вконтакте

Елімізде Ислам қаржы ұйымдары мен қаржы құралдарының санын арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар заңнамалық актілер дайындалып жатыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен дөңгелек үстелде Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Еске сала кетейік, Исламдық ұйымдар мен Исламдық қаржыландыру жөніндегі заң 2009 жылы қабылданған болатын.

Мамандардың айтуынша бұл жүйе біздің республика үшін жаңа болғандықтан заңды жетілдіру әлі де қажет.

Мәселен, қазір агенттік өкілдері исламдық құнды қағаздар - сукукты - шығару құқығын жеке компанияларға да беру қажет деп отыр.

Қазіргі заң бойынша сукукты тек ислам банкері, мемлекеттік холдингтер мен оның еншілес компаниялары ғана шығара алады. Мұнымен қоса заңда исламдық сақтандыру жөнінде мүлдем айтылмаған.

Айбек Бекжанов АӨҚ АҚ басқарма бастығы

ҚР сақтандыру бойынша заңда ислам сақтандыру компаниясы деген сөз жоқ. Оның жұмыс істейтін прициптері бойынша ештенке жазылмаған баптар жоқ. Және қалай бухгалтерлік есеп бойынша ештене жазылған жоқ сондықтан біз осы баптарды дайындадық. Және біздің жоспар бойынша заңды 2010 жылда қараша әлде желтоқсан айында парламентке ұсынамыз.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии