1622508 Әділет Ким әлемдік подиумға Қазақстаннан алғаш рет шығып отыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Ол - Германияның Mercedes Benz Fashion Week атты беделді сән апталығында подиумға Атыраудан алғаш шыққан жігіт. Танысып қойыңыз - Әділет Ким. Бұл оның сахналық лақап аты, төлқұжат бойынша есімі Сағидолла.

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Әділет Ким. Фото: "Ақ жайық"

"Өзім Ақтөбе тумасымын, бірнеше жыл бұрын отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Мұнайлы астанаға тез үйренісіп кеттік, өйткені бұл да батыс қой" деген Әділет "Ақ Жайық" басылымына сұхбат берген.

- Сән бизнесіне қалай тап болдыңыз?

- Ақтөбеде болған кезімде бірде досым жергілікті «Бриллиант» сән агенттігіне кастингке шақырды. Мен де бағымды сынайын деп шештім. Кастингтен өту қиынға соқпады, қойылған басты талап – модельдің бойы 184 см, сыртқы келбеті тартымды болу керек екен. Сөйтіп мені қабылдады. Бір айдан кейін басқалармен – төрт жігіт және он қызбен бірге Астанаға «Kazakhstan Fashion Week» апталығына жіберді.

Ол жақта түрлі агенттіктерден 40 жігіт болды, ал итальяндық «Grinko» топтамасын көрсету үшін бар болғаны 4 адам қажет еді. Сондықтан қатаң іріктеу жүргізілді. Мені ақтөбелік досыммен бірге және екі астаналық жігітті таңдап алды. Бұл менің алғашқы елеулі подиумым болды.

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Әділет Ким. Фото: "Ақ жайық"

Атырауда бауырым екеуміз event-агенттік ашып, тойларды ұйымдастырдық, балалар мерекесінде аниматорлар болып жұмыс жасадық. Бұл - сондай қызықты әрі табысты кәсіп болатын.

Бірақ сахна туралы ойдан арыла алмадым, сөйтіп өткен жылдың ақпанында Польшаға модельдер курсына кеттім. Ол жақта менің қабілетімді байқаған варшавалық агенттікпен өзімнің алғашқы келісімшартыма қол қойдым.

- Қазақ жігіті сән төрінде. «Жігіттерге сән көрсету ұят!» деген стереотиппен қалай күрестіңіз?

- Адамдар үстіртін ойлайды ғой. Әрине, еліміздің менталитеті мұндайды қабылдамайтынын түсінемін, бізде бұл индустрия өте нашар дамыған. Менің Еуропада жұмыс жасай бастауымның басты себептерінің бірі осы еді. Әрине, сән алуан түрлі болады ғой, жігіттерге көлмейтін көрсетілімдер немесе фотосессиялар болып тұрады. Егер өзіңді қолайсыз сезінсең, бас тартуыңа болады.

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Әділет Ким. Фото: "Ақ жайық"

Жігіт модельдерге макияж жасағанды адамдар ұнатпай жатады, бірақ бұл жұмыс қой. Ал мен ешқашан бұдан ұялатындай ештеңе көрген емеспін. Менің отбасым да, достарым да үнемі маған қолдау көрсетіп отырды. Ал ең бастысы – отбасының қолдауы.

- Сіз қандай танымал сән апталығына қатыстыңыз?

- Қазақстанда – жоғарыда айтып өткенімдей, Kazakhstan Fashion Week, содан соң шетелде - Via-Moda Fashion day, Poland Fashion Week, Warsaw Street Fashion апталықтарына қатыстым. Ал ең керемет тәжірибем - Mercedes Benz Fashion Week болды. Германиядағы кастингтерде өте көп адамдар, үлкен бәсекелестік болды. Кей сәтте айналаңа қарап, таң қаласың. Мені әлдебір көрсетілімге алады-ау деген ойға сене қойған жоқпын, өйткені кастингтегі басқа жігіттер өте жақсы болатын. Бірақ мені алды.

- Модель жігіттерге қойылатын талаптар қандай?

- Бойы 184 см-ден бастап, сыртқы келбеті өзгеше, жасы 23 жасқа дейін болуы тиіс, одан кейін бастау кеш болады. Әрине, дене бітімі шыныққан немесе жұқалтаң болуы тиіс. Қазір агенттік түрлі келбеттегі жігіттермен жұмыс істейді.

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Әділет Ким. Фото: "Ақ жайық"

- Болашаққа жоспарыңыз қандай?

- Екі ай бұрын Қытайдан оралдым, жарты жыл Шанхайда модель боп жұмыс жасадым. Қазір Астанадамын, білімімді жетілдірудемін. Модель болу қызықты әрі табысты, бірақ бұл қысқа мерзімді жұмыс. Шетелде жұмыс жасауды жалғастырамын ба, жоқ па, қазір айту қиындау. Егер жақсы ұсыныс түсіп жатса, барамын.

Қазақ, ағылшын, орыс тілінен бөлек, польша, чех және қытай тілдерінде сөйлей аламын. Бұл кастингтер мен көрсетілімдерде көп көмектеседі. Бірақ өзімді полиглотпын деп есептемеймін.

Ақтөбеден шыққан қазақ жігіті Германиядағы сән сәхнасын бағындырып, жұртты тәнті етті

Әділет Ким. Фото: "Ақ жайық"

- Егер құпия болмаса, подиумдағы табысыңыз қандай?

- Бұл туралы айта алмаймын, бірақ жарнама түскен түсірілімде сән көрсетілімінен көп алатынымызды айтқым келеді. Оған қоса, табысымыз көрсетілім өтіп жатқан елге байланысты болады: мәселен, Прагаға қарағанда Парижде, Миланда, Лондонда көбірек табыс табамыз. Келісімшарт бойынша табыстың бір бөлігі сән агенттігіне тиесілі.

- Келісімшартта жеке өмірге қатысты, мәселен, үйленуге шектеулер қойылған ба?

- Ондай шектеулер жоқ. Жақын арада үйлену жоспарымда жоқ, бәлкім, бес жылдан кейін болатын шығар.

Источник: Ак Жайык

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 25

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .