1622452 Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны туған қызын кепілге қойып, қарыз алған. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Алматы облысының тұрғыны 100 мың теңге қарыз үшін кепілге туған қызын қойып кеткен (фото)

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының 29 жастағы тұрғыны Риза Мөлиева 100 мың теңге қарыз үшін туған қызын кепілдікке тастап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Аталған жағымсыз оқиға жайлы бір ай бойы кепілдікте болған екі жасар Айару Нұриқұлованың туған әкесі Нұрбек Нұриқұлов айтып берді.

Алматы облысының тұрғыны 100 мың теңге қарыз үшін кепілге туған қызын қойып кеткен (фото)

«Әйеліммен төрт жыл бұрын танысып отау құрдым. Өзім - малшымын, ол- аспаз, менен 14 жас кіші еді. 39 жасқа келгенге дейін жағдайым болмаған соң үйленбегенмін. Жұбайым да жетім қыз. Осылайша екі жарты бір бүтін болдық.

Анам ол кезде тірі еді,  туыстарымызды шақырып кішкене той етіп, үйленгенімізді атап өттік. Риза - жаман келін болмады. Тамақты да дәмді жасап, төсек тартып науқастанған шешемді өмірден өткенше туған анасындай аялап қарады, бақты. Екі жылдан соң аяғы ауырлап, өздігімен босана алмаған соң Ұзынағаш аудандық перзентханасында кесерово тілігімен қызымызды өмірге әкелді.

Барлық қиындық осыдан басталды.

Алматы облысының тұрғыны 100 мың теңге қарыз үшін кепілге туған қызын қойып кеткен (фото)

Нұрбек Нұриқұлов екі жасар қызы Айарумен. Фото: Ақтерек ауылының әкімдігінен.

Тағы оқыңыздар: Астанада ойнап жүрген мектеп оқушысы тоққа түсіп, қолынан айырылды (фото)

Қалай Айару туылды - Риза адам танымастай өзгеріп кетті. Өздігімен үйден кетіп қалады. Өтірік айтады, қашады. Бала туған оның басына әсер етті ме деймін. Бірақ мен оның әрбір қылығына төздім, себебі өте жақсы көрдім. Даусымды көтеріп бір-екі рет ұрысқаным болмаса (үйден кетіп қалғаны үшін) өмірімде қол көтеріп ұрғаным жоқ.  Ақтерек ауылының кез келген тұрғыны осы сөзімді дәлелдеп бере алады.

Бар айтқан сылтауы - "қалада жұмыс жасағым келеді" дейді. "Кеткің келсе, бара ғой" дедім. Жарты жылда бір рет келіп, бір апта тұрып, қайта кетіп қалды. Табысынан бір тиын ақшаны мен түгіл туған қызына қиған емес. Керісінше жолына менен ақша сұрады.

Биыл көктемде "қызымды алып туысымның үйіне барып келе қояйын", - деді. Бәрі түзеліп, ақылға келген шығар десем, көрші ауылдағы Айгүл есімді келіншектен 100 мың теңге қарыз ақша алып, Айаруды кепілге қойып кетіпті. Ел-жұрт арқылы әлгі әйелді тауып үйіне барсам, "баланы бермеймін ақша әкел", - деді.

Полицияға арыз жазамын деп жатып, 30 мың теңге төлеп, бір қойын беріп қызымды қайтарып  алдым. Қазір балам қасымда. Өзім 40 мың теңгеге жалданып мал бағамын. Табысым екеумізге жетеді. Менің сұрайтыным еліміздегі құқық қорғаушылар Айаруға құжат жасауға көмектессе.

Перзентімнің туу туралы куәлігі болған. Оны анасы үйден ұрлап әкетіп, бір алаяқтарға қарыз ақшаның орнына тастап кетіпті. Ал, менің құжат жасауға жағдайым да, құқым да жоқ. Себебі, Риза екеуміз үйленгенде мешітте ғана неке қидырып, заң жүзінде тіркетпеген едік", - дейді жалғызбасты әке.

Алматы облысының тұрғыны 100 мың теңге қарыз үшін кепілге туған қызын қойып кеткен (фото)

Қойшы. Көрнекті сурет.

Малшының қазіргі қал жағдайы және отбасылық проблемасынан ауыл әкімі Ғани Шортаев хабардар екенін жасырмады.

«Бұл отбасының жағдайы орташа деңгейде. Туыстарының айтуынша келіндері - қырғыз азаматы, кішкене жүйке ауруына шалдыққан. Сол үшін жиі үйден кетіп қалып, қайта келіп жүреді екен. Көктемде Риза туған қызын бір әйелдің үйіне тастап кетіпті дегенді естіп барып қайттым.

Басында  Айаруды балалар үйіне өткіземіз бе деп ойладық. Алайда, бүлдіршіннің жағдайын көріп, әкесінің оған деген сүйіспеншілігін байқап, бұл ойымыздан айныдық. Егер баланы алып қояр болсақ, әкесі құсадан араққа салынып, я болмаса басқа жағдай болуы мүмкін.

Алматы облысының тұрғыны 100 мың теңге қарыз үшін кепілге туған қызын қойып кеткен (фото)

Нұрбек Нұриқұлов пен екі жасар қызы Айару. Фото: Ақтерек ауылының әкімдігінен.

Айаруды қазір әкесіне жұмыс беруші азаматтың әйелі қарап отыр. Баланың үсті-басы таза, жүдеу емес, барлық екпесін алған. Бұл отбасының басты проблемасы - барлығында құжат жоқ. Өзіне бірнеше рет айттым, ауданға апарып келейін куәлігіңді жасатып ал деп, «малдан қолым тимейді» деді. Ал, қызының куәлігін қалпына келтіру оңай шаруа емес. Заңды некеге тұрмаған, әйелі -  қырғыз азаматы. Құжат жасату үшін алдымен баланың әкесі екенін заң жүзінде дәлелдеуі қажет.  Сол үшін де Риза Мөлиеваны іздестіріп жатырмыз. Ол әйелмен бір-екі рет хабарласып едік «барлық құжат менде, ештеңе керек емес» деп қашып  отыр», - дейді Ақтерек ауылының басшысы.

Редакция көкек ананың жеке телефонын тапқанымен, онымен хабарласу мүмкін болмады. 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 49

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .