1621037 Әнші Шамси Жанқош Тұраровпен бажа болды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Отандық шоу-бизнес әлеміндегі ең сымбатты жігіттердің бірі Шамси екінші рет шаңырақ көтерді. Бұған дейін бір рет отау құрып, некесі сәтсіз болған әнші танымал боксшы Жанқош Тұраровпен бажа болып жатыр.

Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Шамси жұбайы Ләззатпен. Фото: Instagram

Әншінің сүйіктісі Жанқош Тұраровтың жарының Ләззат есімді туған сіңілісі. Жұбайлардың тойында Шамсидің өнердегі әріптестері болды. Сіңілісінің бұған дейін бір рет отбасылы болған адамға тұрмысқа шығып жатқанын сынағандарға Клара Иса өз парақшасында жауап берген.

Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Шамси жұбайы Ләззатпен. Фото: Instagram

"Ауыздарына ие болып отырудың орнына, өз болашақтарын ойламай бiр жаман сөз айтып қалайыншы деп отыратындарға таңғаламын.  Естерiңiзде болсын, ешкiм тағдырды өз қолымен жасап алмайды, бәрi бiр Алладан. Бiреудiң өткен өмiрiн бiлмей жатып сөгiп, әңгiме кылудан аулақ болыңыздар, себебi Алла жанды жерден жазалайды. "Он күнәнің тоғызы - тiлден" деп бекер айтылмаған. Өздерiңiз бен балаларыныздың болашақтарына ешкiм кепiлдiк бере алмайды. Сүрiнбейтiн тұяқ жоқ. Әрқайсымыз бақытты болуға лайықтымыз!",- деп жазған ол желідегі парақшасында.

Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Шамси екінші рет отау құрды. Фото: Instagram

Үйлену тойда Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Асхат Тарғын сынды елімізге белгілі өнер жұлдыздары құрметті қонақ болып, әннен шашу шашты.

Отандық шоу-бизнестегі сымбатты әнші екінші рет отау құрды (фото, видео)

Шамси екінші рет отау құрды. Фото: Instagram

Тағы оқыңыздар: Талғат Жорабаев күйеуімен ажырасқан әпкесі Алтынай туралы алғаш рет айтты

 

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 22

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .