1614560 Ол Дәурен Айдарқұловпен көңіл жарастырып, келісімшарт мерзімі аяқталмастан "Кешью" тобынан жүктілігіне байланысты кеткен болатын. Культура и шоу-бизнес

Ақбота Сейітмағамбет Баян мен Бағымнан неге қорқып жүр?

31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сұхбат берген Ақбота Сейітмағамбет өзінің өнердегі ұстаздары әпкелі-сіңлілі Баян Есентаева мен Бағым Мақсатқызының алдына не себепті бармай жүргенін айтты.

Ақбота Сейітмағамбет Баян мен Бағымнан неге қорқып жүр?

Ақбота Сейітмағамбет. Скриншот: Видеодан

"Кешьюдан" кеткелі жолыққан жоқпын, алдарынан өткен жоқпын. Талай себептер болды, оның үстіне қайта-қайта өзім де ауруханаға түсіп қалып жаттым. Жүктілігім өте қиын өтті. Енді ойлап отырмын, баламмен бір барып кетемін деп. Қанша дегенмен мені тәрбиелеген ұстаздарым", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың жұбайы шоу-бизнес әлеміндегі ең жақын құрбысын таныстырды (фото)

Журналистің "Осынша уақыт аралығында телефон шалу үшін бір минутыңыз табылмады ма?" деген сұрағына Ақбота продюсерінен қорқып жүргенін айтты.

"Қорқып жүрмін ғой. Бұйыртса енді міндетті түрде барамын. Алдарынан өтіп, рахметімді айтып, кешірімімді сұрап. Әрине енді ана болған соң, ол кісілер мені түсінеді деп ойлаймын",- дейді Ақбота.

Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет "Гламур для дур" фильмінің түсірілімі кезінде актер Дәурен Айдарқұловпен көңіл жарастырып, келісімшарт мерзімі аяқталмастан "Кешью" тобынан жүктілігіне байланысты кеткен болатын.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 24

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .