1613579 Оқырман: Сонымен бұл сурет арқылы не айтқыңыз келді? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Желіде анасы мен енесін салыстырған Жазираның басы дауға қалды

Әлеуметтік желідегі парақшасына анасы мен енесінің суретін жүктеген Жазира Байырбекованың басы дауға қалды. Суретті көрген желі оқырмандары өзара дауласып, тіпті арасында Жазираны қатаң сынағандар да болды.

Желіде анасы мен енесін салыстырған Жазираның басы дауға қалды

Жазира Байырбекова. Фото: Instagram

"Бірінші, келін болып түскен шаңыраққа кіріп шыққан сурет. Екінші, төркінге кіріп шыққан сурет. Біз үшін күні - түні тілек тілеп отыратын аналарымыз аман болсын! Барлық жетістіктеріміз бірінші Алла, содан кейін осы кісілердің бізге риза болғанының арқасында!",- деп жазған Жазира.

Суретті көрген Жазираның оқырманды түрлі пікірлер айтып, суретке қарап-ақ "қайсысы қайын жұрт, қайсысы өз жұртың екенін біле беруге болады" деп жатты.

"Суреттен қайсысы енеңіз, қайсысы анаңыз екені бірден көрінеді", "Осындай суреттер жас қыздарға теріс бағыт береді. Əр ересек адам тұрмыс құрғанда қандай баға төлейтінін білсе, жақсы болар еді. Келін болу, ол жауапкершілік алу. Бала болғың келсе, ананың қасында отыр", "Сонда не айтқыңыз келді, шешеме барсам жатамын демаламын, енеме барсам қызмет жасаймын деген бе?! Сурет салыстырмалы, жазбайын десем де сұрап алдыңыз" ,- деп жазып жатты.

Тағы оқыңыздар: Ділназ Ахмадиева ішімдікке салынған кездерін жасырмай айтты

Оқырмандар арасында аталған суреттен ешқандай "астар" іздемей, Жазираға ризашылығын білдіріп жатқан жандар да болды.

"Өз Анасының алдында: Есейіп кетсем де, мен саған сəбимін.  Ененің алдында: Қанша жұлдыз болсам да, келіндік қызмет. Тіл-көзден аман болыңыз! Екеуі де жарасымды!", "Қандай жылы сурет!", "Тырнақ астынан кір іздей берудің қажеті қанша?! Жазира суреттің тосыннан түскенін айтып отыр ғой, оның үстіне қайын жұртына барып шәй құйса не болып қалыпты?!", "Өте әсерлі сурет! Ененің көңілін таба білу оңай емес, ата-ананың үйіне барған қай қыз болсын демалады",- деген оқырмандар.

Кейбір қолданушылар аталған суретті көріп аналарын сағынып, көңілдері босағанын  жеткізді.

 

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 42

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .