1605867 Отандық жұлдыздар Мьянмадағы оқиға туралы жарыса жазып жатыр ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Еліміздегі танымал тұлғалар Мьянмадағы мұсылмандар қасіретіне қатысты пікірлерін білдіріп,  жанайқайларын жеткізді.

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Мьянма қасіреті. Коллаж: NUR.KZ

Көпшілігі Instagram желісінде  Мьянмадағы мұсылмандар қасіретін жүрекке ауыр қабылдап, барша оқырмандарын бауырлары үшін дұға жасауға шақырды.

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Сәкен Майғазиев. Фото: Интернет желісінен

Әнші Сәкен Майғазиев:  "Сот күнінің иесі Алла - ұлы! Кешеден бері шарасыз шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан, қорғансыз қыршындардың көз жасы ойымнан кетер емес. Айтарға сөзім жоқ" ,- деп жазған.

Тағы оқыңыздар: Тоқаев әлемді дүр сілкіндірген Мьянмадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Журналист, әрі ақын Нәзира Бердалы Мьянмадағы мұсылмандарға қолдауын өлең арқылы білдірген.

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Нәзира Бердалы. Фото: Интернет желісінен

"Мьянма, Мьянма, жүрегім қан жылайды!

Ыстық қан жасқа айналып тамшылайды...

Ұйықтап кеткен секілді өлі сəби -

Бұл суретке қалайша жан шыдайды?

Қарттың көзі. Бəрінен айырылған.

Болсайшы одан да өз жаны құрбан...

Қалай шыдап тұр екен бұл сұмдыққа,

Қара жер ауып кетпей қалыбынан.

Көз алдында жан жары дар асынған,

Қорғай алмай, айырылған баласынан,

Азаматтың көзінде - шарасыздық,

Шығып бара жатқандай шарасынан.

Бүгін түнде ұйқы жоқ менде, білем,

Өмірге таңда қалай ынтыға алам?

Сəби үні...азаптан шырқыраған,

Сені қалай тербетпек, түлкі ғалам?",- деген ақын.

Күллі мұсылмандар әлемін дүр сілкіндірген қайғылы жағдайға отандық миллонер Қайрат Құдайбергенде өз пікірін білдіріп, мұсылмандарға қарсы соғыс ашып жүрген Ашит Виратхуды Гитлерге теңейді.

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Қайрат Құдайберген. Фото: Интернет желісінен

Тағы оқыңыздар: Мьянмадағы мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қорлыққа шыдай алмаған мәскеуліктер ереуілге шықты (видео)

"Буддалықтарда адамның жаны өлмейді, ол басқа адамға қонады деген сенім бар. Мен ең басты фашист Адольф Гитлердің жанының кімге қонғанын білемін, ол -  Ашит Виратху. Аракандағы геноцидті ұйымдастырған өте лас  геноцид. Менің жүрегім қарс айырылып, көзіме еріксіз жас келді.  Олардың солдаттары адам емес! Олар жүрегі жоқ айуандар, сенім де, адагершілікте жоқ. Бірақ, мұның бәрі бізге дінді жаман деуге құқық бермейді. Дін жаман емес, нақты адамдар жаман. Мен сенімен біргемін Рохинджа халқы! Бірақ, менің қолдан келетін бір ғана амалым, сені үшін бар жаныммен дұға тілеу. Себебі, жердегі бірде-бір халық мұндай қасіретке лайық емес!" ,- деп жазған Қайрат.

Сәкен Майғазиев: Шақалақтардың шыңғырғаны құлағымнан кетер емес

Мұхаммеджан Тазабек. Фото: Интернет желісінен

"Мұсылмандар қорланбауы керек, қорланбау үшін айбын керек. Айбынды болу үшін ынтымақ керек, ынтымақ болуы үшін өзара маxаббат керек. Маxаббат болуы үшін, сәлемді(бейбітшілік) тарқату керек. Ал,сәлемді тарқату үшін, өзі әуелі дініне қайту керек(Құдайдың бұйырғанын істеп, тыйғанынан тыйылу керек)

Менің сөзім емес, Ислам ғұламаларының дана сөздерінен түсінгенім...", - дейді "Асыл арнаның" директоры.

Бұлардан бөлек, Қайрат Нұртас, Айдана Меденова, Нұрлан Әлімжан, Мақпал Жүнісова, Мақпал Исабекова сынды әншілер желідегі парақшаларына Мьянмадағы зардап шеккен тұрғындардың суретін жүктеп, мұсылман жұртшылығымен бірге екендерін жеткізді.

Источник: Nur.kz
В статье: Мьянма

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 28

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .