1603568 Тележурналист Баянның мықтылығын мойындағанын жеткізді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Арман Сқабылұлы: Баянның магниті министрді де жетелеп алып келді

Белгілі тележурналист Арман Сқабылұлы Баян Есентаеваның мықтылығын мойындайтынын жеткізді. Әлеуметтік желіден білдей бір министрдің атышулы продюсердің студиясына бас сұққанын білген тележурналист осындай мәлімдеме жасаған.

Арман Сқабылұлы: Баянның магниті министрді де жетелеп алып келді

Скриншот: Instagram

Бұл туралы ол Facebook-те жазды.

Арман Сқабылұлы министр Дәурен Абаевты "Қазақ газеттері" қауымдастығының басшысы Жұмабек Кенжалин өмірден өткенде келмегені үшін сынаған.

"Баян, мен сені мойындадым! Мықты екенсің! Сенің құдіретті магнитің білдей бір министрді студияңа жетектеп алып келеді деп кім ойлаған? Кеше ғана "Қазақ газеттері" қауымдастығының басшысы Жұмабек Кенжалин өмірден өткенде қара көрсетпеген (орынбасарын жіберген) ақпарат министрінің өзі елпектеп Баянның "Баян сұлуының" монтажын көріп кетіпті. Бұл "бақыт" бұған дейін ешкімге бұйырған емес!", - дейді журналист. 

Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында министр мен ұлттық арна басшысының студияға өздері келіп-кеткенін айтып мақтанған болатын.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 34

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .