1603154 Танымал ақын: Мен халқым үшін көп нәрсе тындырмадым ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Өзі туралы бағдарлама түсіруге рұқсат бермеген Бүркіттің анасы елді тәнті етті

Танымал ақын, әнші Бүркіттің анасы Айша Көпжасарованың адамгершілігі туралы ел арасында көптеген жақсы әңгімелер бар. Алайда ақын бола тұра, өзі туралы бағдарлама түсіруге қарсы болған Бүркіттің анасы көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті етті.

Өзі туралы бағдарлама түсіруге рұқсат бермеген Бүркіттің анасы елді тәнті етті

Айша Көпжасарова қызы, келіні және немерелерімен

Бұл туралы журналист Ғалия Шәудірбаева өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Дара жол" хабарына қонақ іздеп Бүркіттің анасына хабарласуды жөн көрдік. Айша Көпжасарова - ақын. Ұлы Бүркіттің өзі анасының өлеңіне жазылған қаншама әндерін орындайды.

Ұялы телефонына қоңырау шалдым.

Тағы оқыңыздар: Жыл соңына дейін теңгенің хәлі қалай болмақ?

- Алло, Айша әпке. Сәлеметсіз бе? Астанадан "Қазақстан" арнасынан хабарласып отырмын. Ғалия деген сіңіліңіз

- Аман ба, айналайын?

- Аман-есен. Айша апай, сіздің шығармашылығыңызға қанықпыз. "Дара жол" хабарына қонақ етіп шақырайық деп ек.

Күлді апай...

Өзі туралы бағдарлама түсіруге рұқсат бермеген Бүркіттің анасы елді тәнті етті

Айша Көпжасарова немересі Әсел Асқармен

- Е, қарағым. Шақырғандарыңа мың алғыс. Бірақ мен халқым үшін әлі көп іс тындырмадым ғой. Мен облыс деңгейінде ғана танымалмын. Сондықтан әлі дара тұлғалар көп қой. Сол кісілерді түсірсеңіздер де ризамын, жарығым...

Тағы оқыңыздар: Василий Левит әлем чемпионатында жартылай финалға өтті

Осылайша Айша апай екеуміздің әңгімеміз аяқталды. Иә, осындай қарапайымдылықтың артында ұлылық жатыр ғой!

Бүркіт, анаңыз аман болсын, жасай берсін!", - деп жазды ол.

Источник: Nur.kz
В статье: Беркут

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 18

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .