Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жастағы шымкенттік бойжеткен алпыстағы шалдың үшінші әйелі атанды

Опубликовано:

22 жастағы Айгерім - тоқал. Оның күйеуі өңірде үлкен беделге ие 60 жастағы азамат. Айгерімнің өзі болса, бүгінде Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің басқарушысы деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Айгерім (есімі өзгертілген) NUR.KZ порталымен кездесуге бір ай бойы дайындалды- кездесу туралы күйеуі біліп қояды деген қорқыныш басым болған. Дегенмен бойжеткен ақыры өз басынан өткерген жайттарды тілшіге баяндап берді.

Екінші емес, үшіншісімін

"Мен мейрамханаға жұмысқа тұрғанымда 20 жаста болдым. Бастапқыда мен оны байқаған да емеспін, директорымыз екенін де білмедім. Ыдыс жуушы едім. Кейін маған даяшы қызметін ұсынды. Сол кезде таныстық.

Ол қашан да мейрамханаға отбасымен келетін; әйеліне қарасаң қашан да жақтырмай, көңіл-күйсіз отырады. Бастығым көңіл білдіре бастағанда, маған қарындасындай қарайды деп ойлаған едім. Алайда бәрі басқаша болып шықты. Біз араласа бастадық. Ол маған сыпайылық танытып, мейрамхана басқарушысы қызметін берді. Бұл маған ұнайтын. Өмірімде болмаған әкемнің орнын басқандай болды.

Бір күні ол маған "Менің ерке қызым" деген сөздермен хабарлама жіберді. Мен шатасып кеткен болар деп ойладым. Алайда ол оған ұнайтынымды байқата бастады. Бір күні кафеге әйелі баса көктеп кіріп, жазысқан хабарламаларымызды көрсетті. Қол көтеріп, қарамды батыруды бұйырды. Бағынуға мәжбүр болдым. Бәрін ұмытудан үмітті едім.

Тағы оқыңыздар: Ипотекасы мен несиесі барларға құрбандық шалуға болады ма?

Алайда бір апта өткесін оның жүргізушісі маған келіп, онымен еріп баруымды сұрады. Біз ұзақ сөйлестік. Бастығым маған оның тоқалы болуды ұсынды. Мен оны кәрі ақымақ деп атап, жөнімен жібердім. Бір ай өтті. Біз мешітте некемізді қидырдық. Мен оның үшінші әйелі екенімді бір аптадан кейін білдім. Екінші әйелінің өзінен білдім.

Үй ішім бұл хабарды естіп, жанжал шығарды

Ол мені толықтай қаражатпен қамтамасыз етеді. Мен екінші әйелімен жақсы араласамын. Ол маған үйіме жиі келіп тұрады. Ортақ ұлымыз бар. Маған бәрі ұнайды, ол өзін жақсы күтінеді. 45 жастағы азамат деп ойлап қаласың.

Әрине бізде ресми той, құдалар деген болмады. Үй-ішім бұл хабарды естіп, жанжал шығарды. Ағам менімен сөйлеспейтін болды. Бәрі менің аймақтағы белді адамның әйелі екенімді біледі.

Мен тоқал атанып жүрген өзге қыздармен араласамын. Біздің мессенджерде "ОҚО тоқалдары" атты топ бар. Ол жерде екінші, үшінші әйел атанғандар көп. Мұнда бәрінің көңілдесі бар. Бұл дұрыс емес. Ал біз заңды әйелдеріміз. Иә, жаспыз, отбасына қыстырылып кірген адамбыз, алайда біз отбасын бұзған емеспіз. Бәрі разы.

Бір күні мен Астанада болып, аяқ асты бірінші әйелін кездестіріп қалдым. Ол маған кетуімді сұрағанымен, мен күйеуімді сүйетінімді айтып, бас тарттым. Түсінгенім бойынша, ол күйеуінің менен басқа тағы бір әйелі барын білмейді. Оны түсінемін және аяймын. Алайда не істей аламын? Ал оның балалары мен туралы біледі. Оның үлкен ұлы менен екі жасқа үлкен. Ол мені кіші мама деп атайды.

Ақшасын сыпырып аламын деп ойладым

Бастапқыда күйеуімді сүймедім. Тіршілік ету үшін одан ақшасын сыпырып алып, қарамды батырамын деп ойладым. Кейін оның жақсы адам екенін түсіндім. Ол маған пәтер, көлік сатып алып берді. Баламның бар қажетін алып беріп отыр. Ол өте ақылды әрі маған сенеді. Менің мінезім нашар, онымен жиі ұрысып қаламын. Алайда ол сабырлы.

Тағы оқыңыздар: Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға әлем чемпионатының қола жүлдесін сыйлады

Жақында ол маған "Ұнатпасаң ажырасып кете аласың, бар дүниең өзіңде қалады" деді. Сол кезде мен құрбыма ештеңе алмастан, баламмен бірге кетіп қалдым. Екі ай бойы хабарсыз кеттім. Кейін ол мені қайтып оралуға көндірді. Енді біз жақсы өмір сүрудеміз.

Ол маған аптасына төрт рет келіп тұрады. Кей кездері жиірек. Бізде түнеп, ұлын алып кетіп отырады. Алайда менімен қыдырған емес, оны мен де қалаған емеспін. Біздің отбасы мінсіз еместігін түсінемін. Алайда бұл тағдырды өзім таңдадым.

Уақыт өте келе шетелге көшіп кетуді сұрап көрмекшімін. Өзі бізге ұзаққа қонаққа келіп тұрсын. Мұнда ішім пысып жүр. Жақында сыныптастармен кездесуде болдым. Бәрі тоқал екенімді өсектеп отырғандай болды. Бір білерім, тоқал да адам. Олар секілді бақытты болуға құқы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1601356-shymkenttik-boyzhetken-qalay-ushinshi-ay/

pixel