Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттер өзіне ұнайтын қыздан неліктен қашады?

Опубликовано:

Жігіттер өзіне ұнайтын қыздарды елемей кететінін жиі байқаған боларсыз? Мамандар бұл жігіттерде болатын қалыпты жағдай деп түсіндіреді. Оның маңызды себептері де бар көрінеді. Олай болса, олар қандай себептер екенін ikerim.kz назарыңызға ұсынады.

Салмақты қатынасқа дайын емес. Қыздың сымбатты, ақылды екенін көре тұра, жігіттер назар аудармаса, онда ол қарым-қатынас орнатуға дайын емес деген сөз. Сондықтан олар қатынасты көркейтпейді де, үзбейді де. Мұндай жағдайда оны асықтырмағаныңыз дұрыс.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда үшем дүниеге келді (фото)

Беті қайтып қалудан қорқады. Қызға жақындамаудың тағы бір себебі, ол сұлудың көңілінен шықпаймын ба деп қорқуы. Оның бұрынғы тәжірибесі сәтсіз болуы да себеп. Бұндай жағдайда жігіттер сенің бірінші қадам жасауыңды күтеді.

Өзінің қаржылық жағдайынан ұялады. Егер сен жігітке ұнайтыныңа сенімді болсаң, бірақ жігіт әлі де созбалақтап жүрсе материалдық жағдайына намыстануы мүмкін.

Жігіттердің көпшілігі өзінің жағдайын дұрыстаған соң ғана, қыздарға қарай бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1601045-zhigitter-ozine-unaytyn-qyzdan-nelikt/

pixel