Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мекке қаласының алғашқы генералы болған қазақ азаматы кім? (фото)

Опубликовано:

Абдуллах Альбухари араб елдерінде жүрген қазақтардың мақтанышы. Мемлекеттік қызмет атқарған қазақ азаматы араб еліндегі жетімдер үйінде тәрбиеленген деп хабарлайды NUR.KZ.

«Абдуллах Альбухари кәдімгі қазақтың қара домалақ шалы. Араб елдерінде мемлекеттік қызмет атқарған бірден бір қазақ азаматы. Бұл мемлекетте шетелдіктерді мемлекеттік қызметке жақындата бермейді. Ол бірінші генерал дәрежесіне дейін көтерілген азамат. Ол кісі қазақшаны жақсы білетін. Осыдан 4-5 жыл бұрын қайтыс болды. Мысырлық азаматшаны әйелдікке алған. Одан қалған балалары бар», - дейді Мұхаммед Сойркас.

Тағы оқыңыздар: Қазақ жігіті: Араб елінде қыздармен таныссаң оның ағасы не әкесі есіңді тандырып жібереді

Мекке мен Мәдина тұрғындары бұл кісінің қазақ екенін мақтанышпен айтып береді.

«Ол кісі араб еліне кеңес үкіметі құрылмастан бұрын келген. Жетімдер үйінде тәрбиеленген. Абдуллах Альбухари Алтай қаласынан ұйғыр азаматы әкелген. Кейін ол кісі қайтыс болғаннан кейін Абдуллах жетімдер үйіне өтеді. Мысырда білім алып, әскери оқуға түскен. Өте білімді адам болған. Мекке қаласында әскери салада қызмет атқарғанда бірінші генерал деген атақ алған азамат», - дейді Мекке қаласында өскен қазақ жігіті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1600810-mekke-qalasynynh-alghashqy-generaly-bol/

pixel