1600180 Олар боксшыға шапан жауып, алғыстарын білдірді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Спорт

Қанат Исламның жанкүйері ұлының тұсауын спортшыға кестірген (фото, видео)

ЭКСПО аумағындағы ашық жаттығудан кейін қазақстандық боксшы Қанат Ислам қазақтың дәстүріне сай "Тұсау кесер" рәсіміне қатысты деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қанат Исламның жанкүйері ұлының тұсауын спортшыға кестірген (фото, видео)

Фото: кадр видеодан

Алдағы жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшы мен оның  «QAZAQ Team»  командасы ашық жаттығу өткізді. Он бес минуттық жаттығудан кейін боксшы өзін күтіп қалған отбасына қарай асықты.

"Мен бокстың жанкүйерімін және ұлымның Қанат Ислам сынды боксшы болғанын қалаймын. Сол себепті Қанат ағадан баламның тұсауын кесуін өтініп, жаттығудан кейін күтіп тұрмыз. Ұлымның есімі - Дінмұхаммед, қазір 9 айлық. Қанат аға ұлыма ақ жол тілеп, батасын берді",- деді баланың әкесі Қасиет Нұрсайұлы.

Қанат Исламның жанкүйері ұлының тұсауын спортшыға кестірген (фото, видео)

Фото: кадр видеодан

Боксшының өзін ашық алаңдағы жаттығуға көңілі толғанын айтып, баланың тұсауын кесуі күтпеген жағдай болғанын жеткізді.

"Бұл қазақтың дәстүрі және мен мұндай жағдайда жанкүйерлерімінің өтінішін жерге қалдыра алмаймын. Бізден де жақсы азамат болсын, біз де үлкен ағаларымызға қарап өстік. Менен бұлай бірінші рет өтініп тұр",- деді қазақстандық боксшы Қанат Ислам. 

Тағы оқыңыздар: Қуат "Найман": Маған Қанат Исламның жұдырықтасу мәнері ұнайды

Алдағы жекпе-жек пен қарсыласы туралы пікір айтудан споршты бас тартты.

"Қазақтың жігітіне көп сөйлеген жараспайды, ол бәрін ісімен дәлелдеуі тиіс. Ринг бәрін көрсетеді", - деп аяқтады сөзін Қанат.

Еске салсақ, Қанат Ислам мен Брендон Кук жекпе-жегі Астана қаласында 9-шы қыркүйек күні өтеді.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 26

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .