1599887 Алғашқы сүйінші жаңалықты бірінші Димаш өз парақшасында жариялады. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Бір күнде екі жүлде: Димаш Құдайберген тағы да марапатталды (фото)

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жүлде алудан өз рекордын жаңартты. Бұған дейін ол бір аптада екі рет марапатталса, бұл жолы жас әнші бір күнде екі рет жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантып тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір күнде екі жүлде: Димаш Құдайберген тағы да марапатталды (фото)

Коллаж: Instagram

Алғашқы сүйінші жаңалықты бірінші Димаш өз парақшасында жариялады.

"Баршаларыңызға рахмет. Бүгін мен "ASIA NEW SONG" халыкаралық фестивалінде жеңімпаз атандым. Сіздерді қатты жақсы көремін, Dears", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Қымбат көлік тізгіндеген депутаттың ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетті (фото)

Одан кейінгі қуанышпен әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов бөлісті.

"Бір күнде кім екі жерден марапат алды?! Бұның өзі бір тариx!!! Бірінші марапат "Астана дауысы"-ның жүлдесі, екіншісі, "Asian New music" фестивалінің марапаты! Әр біреуі бір төбе - олжа! Жан досымды, осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек! Еңбек түбі - бәрін де жеңбек!!! Құтты болсын, жанкүйерлер!!! Тойлаңыздар!!!

Ерлан Бекчурин бауырымды да құттықтаймын!!! Бүгін Димаштың өзі келе алмағандықтан марапаттың бірін алу бақыты Димаш үшін күні-түні еңбек етуге бар, креативті саунд продюсер Ерланға бұйырды!", - деп жазды ол өз парақшасында.

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 48

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .