1599704 Әнші: Сәлем салып, орамал тақпаймын ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жуырда үшінші мәрте тұрмысқа шығып, өмірінің жаңа белесіне аяқ басты. Екі рет некесі сәтсіз болған әнші, қайта шаңырақ көтеріп, жарымен бал айына да барып келді. Алайда оны сынап, үш баласы бола тұра тұрмысқа шыққаны үшін сөккендер аз болмады. Елдің сөзіне мән бермеген әнші неліктен тағы да отбасын құрғаны жөнінде кеңінен баяндап берді.

Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты

Рауан Даулетов пен Ақбота Керімбекова. Фото: Instadram

Бұл жолы ол "Жұлдыз ТВ" арнасына сұхбат беріп, өзін сөккендерге жауап берді

"Жеке өмірімді айтқым келмейді. Бақыт деген тыныштықты жақсы көреді. Әркімнің өмірі, тыныштығы, әркімге өзіне. Әлеуметтік желіде біраз шулап, біразы анау деді, мынау деді. Бірақ еріккенімнен, күйеуге шыққым келіп шығып жатқан жоқ.

Тағы оқыңыздар: Желіде "бейәдеп" әрекеттерімен әйгілі болған айдай сұлу қазақ актрисасы туралы не білеміз?

Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан ғой. Көңіліміз он сегіз болса да, жасымыз қырыққа келгені өтірік емес. Барар жерің болады, ортаң болады. Сол кезде сүйенішің, тіреуің жүрсе, үйде ер-азаматтың жүргені жақсы ғой. Балаларға айта алмайтын нәрселер болады, сол кезде азаматың болса, ақылың айтып, сүйеп отырса. Кім болса да, әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын", - деді ол.

"Жоқ сәлем салып, орамал тақпаймын. Ол кісілер Орал жақтың кісілері. Орысшалау кісілер. О бастан мені жұлдыз деп қабылдады. Ол кісілерге де қуаныш болды деп ойлаймын. Қазір "Бота, Боташ" деп отырады", - дейді ол.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 102

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .