1596243 Абель Санчес: Бұл біз үшін үйреншікті жағдай ➨ Читайте больше на NUR.KZ Спорт

Головкиннің бапкері оны "қартайып қалды" деп жүргендерге жауап берді

Геннадий Головкиннің бас бапкері Абель Санчес отандасымызды "қартайып қалды" деген мамандарға жауап берді деп жазады vesti.kz.

Головкиннің бапкері оны "қартайып қалды" деп жүргендерге жауап берді

Абель Санчес пен Геннадий Головкин

Головкиннің қартайып қалғаны туралы бұған дейін ESPN арнасының комментаторы Тедди Атлас пен НВО арнасының сарапшысы Гарольд Ледерман айтқан болатын. Мұндай тұжырымды мамандар Головкиннің Келл Брук пен Дэниэль Джейкобспен өткен кездесуден кейін шығарып отыр. Бірақ Санчес олардың ойларымен келіспейтінін айтады.

"Иә, Головкинді қартайып қалды деп жүрген адамдар бар. Бірақ Головкинді "Канеломен" өтетін кездесуде фоварит санайтындар да бар екенін айта кеткен жөн. Әркімнің өз пікірі, өз ойы бар. Бұл біз үшін үйреншікті жағдай. Осылай болу да керек.

Бір сұрақ қоюға рұқсат беріңіздерші. Неге жас туралы сауал Ковалев пен Уорда арасындағы кездесуде, Мозли Мейвезерді нокдаунға түсірген кезде қойылған жоқ? Сондықтан да әркімнің өз ойы бар деген пікір айтқым келеді", - деп келтіреді Санчестің сөзін Boxingnews24.com порталы.

Сондай-ақ бапкер не үшін Головкин 16 қыркүйек күні Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО) жеңетінін түсіндіріп берді: "Бұл менің болжамым емес. Егер сіздер Головкиннің соңғы он кездесуін қарасаңыздар, оның барлығы нокаутпен аяқталғанына куә боласыздар. Алдағы кездесуге де біз дайындығымызды өзгерткен жоқпыз. Сондықтан Головкин бұл кездесуде нокаутпен жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді Санчес.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласындағы 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile спорт кешенінде өтеді. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі бойынша көрсетеді.

Источник: Vesti.Kz
В статье: Абель Санчес

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 39

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .