1596145 Әлеуметтік дүкендердегі баға нарықтан екі есеге арза ➨ Читайте больше на NUR.KZ Политика

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік дүкендердің қызығын көруде

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының орталығында тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында ашылған «Әлеуметтік дүкендердің»  шарапатын  бүгінде тереңөзектіктер сезіне бастады.

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік дүкендердің қызығын көруде

Әлеуметтік дүкен сөрелерінде азық-түліктің барлық түрі бар

Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға   30-50 пайыз арзан бағамен, оның ішінде 7-9, баласы бар отбасыларға 50 пайыз жеңілдікпен, қалған азаматтарға 30 пайыз төмен бағамен ұн, күріш, ет, қант, сұйық май босатылуда. Әлеуметтік дүкен қазіргі таңда тұрмысы төмен және қолдауға мұқтаж 152 отбасының 749 мүшесіне  тиісті көмектер көрсетіп келеді.

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік дүкендердің қызығын көруде

Дүкен сөрелеріндегі тауарлар

Ауданның шаруа¬шылық құрылымдары, жекелеген кәсіпкерлер дүкенге қаржылай және азық-түлік түрінде демеушілік көмек көрсетсе, аудандағы бюджеттік мекеме қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын әлеуметтік дүкеннің есеп-шотына аударды. Нәтижесінде азық-түлік қоры қалыптасты. Бүгінгі күнге әлеуметтік дүкенде 27 тонна ұн, 15 тонна күріш, 7,5 тонна қант және 3 мың литр шемішке май бар. Ал, ет қажеттілікке қарай ай сайын жеткізіліп тұрады.  Айта кету керек, әлеуметтік дүкендегі азық-түліктің бағасына базардағы нарық бағасы әсер етпейтін болады.

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік дүкендердің қызығын көруде

Дүкен өнімдерін тұтынатын отбасылар тізімі

"Жақында мен көпбалалы ана ретінде кенттегі әлеуметтік дүкенге бардым. Қазіргі жағдай белгілі, дүкендерде азық-түлік бағасы қымбат. Ал бұл дүкенде баға арзандатылған. Күнделікті тұтынатын азық-түліктерді нарық бағасынан 30 пайыз арзан бағамен алдым. Менің жағдайымдағы аналарға, жалғызбасты анамын, жолдасым қайтыс болды, өзім жұмыссызбын, үлкен қамқорлық болып тұр,"-дейді Тереңөзек кентінің  тұрғыны Қарлығаш Әкімжанова.

Нұргүл Жаншыбаева және Ақнұр Жұмағұлова көпбалалы аналар әлеуметтік дүкеннен ұн, май, қант, ет, күріш, секілді азық-түлік өнімдерін алады. Айына олар 13 000 теңгеге сауда жасайды. Олардың айтуынша әлеуметтік дүкендердегі баға нарықтан екі есеге арзан.

Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік дүкендердің қызығын көруде

Әлеуметтік дүкен жанынан құрылған бақылаушылар тізімі

Сонымен қатар, Сырдария ауданында жаңадан пайдалануға берілген автовокзал жанынан жалпы халыққа арнап екінші әлеуметтік дүкен ашуға байланысты «Анвар» көтерме-бөлшек сауда дүкенімен тиісті келісім-шарттар жасалды. Аталған дүкенде тұрғындарға нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада азық-түлік өнімдері сатылатын болады.

Бүгінгі күнге аудан¬ға қарасты ауылдық округ әкімдеріне елді мекендегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың тізімін жасау және жаңа жылдан бастап оларды әлеуметтік дүкеннің есебіне қойып, көмек көрсетуге байланысты тиісті жұмыстар атқару жөнінде тапсырмалар берілді. Дүкен ішінде осы көмекті алатын кісілердің тізімі және әр отбасына берілетін азық-түліктің мөлшері көрсетілген тақталар ілінген. Ал тізімді арнайы комиссия жасақтап отырады. Тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналған мұндай тәжірибе енді  облыстың өзге де  аудандарында қолға алынбақ.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 11

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .