Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балконнан қоқыс лақтырған шымкенттік әйел желіде жұлдыз болды (видео)

Опубликовано:

Шымкенттегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан қоқыс тастаған әйелдің ерсі әрекетін әлдекімдер видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберді деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Қоқысты балконнан жерге тастау оқиғасы «Нұрсәт» мөлтекауданында орын алған. Егде жастағы әйелдің қоқысты алаңсыз жерге тастап жатқан сәтінің видеосы қарсы беттегі үйлердің бірінде түсірілгенін байқауға болады. Видео авторлары қоқыс тастаған азаматшаға таң қалып, оның әрекетін ұятқа балаған.

Тағы оқыңыздар: Ашуға мінген Денсаулық сақтау министрі шенеуніктерді жұмыстан қумақ

Желіде тарап кеткен көрініс көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Бірі ашуға булығып, әйелге айыппұл салу керектігін айтса, келесі бірі егде жастағы ананы жақтап, оған аяушылық таныту керектігін жеткізген. Ал кейбірі сол көріністі түсіріп тұрғандарды жазалау керектігін ескерткен.

«Төбеден түсіру қиын болған ғой, жерге тастап, жинап алып қоқысқа тастайды. Видеоға «крысалар» ұқсап түсіре бермеңдерші, өтініш», «Ең бірінші өзінің шешесімен немесе әжесімен жасты адамды тасада тығылып түсіріп тұрған «жанашырсымақтарға» айтарым, ертең өздерің де қартайып, сол кезде ауыр зат тұрмақ, қоқыс төгуге жарамай қалғанда осы істегендерің естеріңе түссін деп тілеймін», - деп жазды ашуға булыққан қолданушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1591534-balkonnan-qoqys-laqtyrghan-shymkentti/

pixel