1586397 Әнші: Бізге мұндай әуежайдың қажеті жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Әуежай тұрағына 102 мың төлеген қазақ әншісі таңданысын жасырмады (видео)

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Әлімжан Астана әуежайында екі күн машинасын қалдырып, автотұрақтың 102 мың теңге сұрағанына таңданысын жасырмады.

"Екі күн Астана әуежайының автотұрағында тұрған бір жеңіл автокөлікке 102,000 теңге сұрап тұр... Алдында осындай жағдайлар болып жатыр дегенде сенбеген едім...Ал қазір өз көзіммен көріп аң-таң болдым...Бұл не сұмдық?! Бұлар бағаны қайдан алады?!", - деп жазған ол Instagram парақшасында.

"Формат" тобының әншісі  Қайрат Баекенов те Астанаға келіп, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға 10 сағатқа көлігін қойғаны үшін  57 мың теңге төлегеніне ашулы екенін жазған болатын. Қайрат сөзін растау үшін Instagram парақшасында паркоматқа төлем жасап тұрған видеосын жариялады. "Әуежайдың көлік тұрағына бір тәулікке машинамды қойғанмын, 57 мың теңге", - деп жазады Баекенов. Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың стюардессамен түскен видеосы көпшілікке жақпай қалды Бұдан бұрын қазақстандық боксшы, олимпиада чемпионы және мәжіліс депутаты Серік Сәпиев елордамыздағы Назарбаев атындағы әуежайдағы көлік тұрағының бағасын қатаң сынға алған болатын.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 55

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .