Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 11 баласы бар кейуана төрт жылдан аса қарттар үйінде тұрған

Опубликовано:

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектерге арналған интерната 240 адам тұрып жатыр. Оның тең жартысы қазақтар. Интернат қызметкері «Сіздерге барғым келеді» деп хабарласып, жағдайын айтатын қариялардың көп екенін айтып берді.

«Көпшілігі балалары бар екенін жасырады. Өздері туралы ештеңе айтпайды. Тек жылап, қарттар үйіне келгісі келетінін телефон арқылы айтатындар бар. Баққан балаларына сыймай бізге келіп жатқан үлкен кісілерді көргенде жаның ауырады. Ауылын айтпай-ақ қояйын. Бізде 11 баланы дүниеге әкелген апа болды. «11 балама сыймадым» деп бізде төрт жылдан аса тұрды. 80 жастан асқаннан кейін әже: «Балаларымның қасына барып өлейін» деп үйіне кетті»,- дейді Ақтөбедегі қарттар және мүгедектерге арналған интернаттың әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Сән Нұрышева.

Тағы оқыңыздар: Дәрігерді өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсаған науқас туралы дерек шықты

Жаңа жылдан бастап қарттар үйінде тұратын қариялар зейнетақысының 70 пайызын мемлекет ұстап қалатынын естігендер әке- шешелерін үйлеріне алып кеткен.

«Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат паналаушыларына қатысты жаңа заң шықты. Осы жылдан бастап бізде тұрғандардың зейнетақысының 70 пайызы ұсталады. Бізде әскери салада жұмыс жасаған полковник екі жылдай тұрды. Жаңа жылдан бастап зейнеткерлердің ақшасын ұстау басталды. Ол кісіден айына 86 мың теңге ұсталады екен. Келесі айда 85 жастағы әскери полковникті баласы алып кетті. Зейнетақысынан ақша ұсталуға қатысты талап шыққаннан кейін бізден 19 адамды балалары үйлеріне алып кетті»,- дейді Сән Нұрышева.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1584376-aqtobede-11-balasy-bar-keyuana-tort-zhyld/

pixel