Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің мұң-мұқтажын жоқтаған "Айтуға оңай" бағдарламасы аяқталды

Опубликовано:

Бес жыл бойы Қазақстан Ұлттық арнасының эфирінен түспеген халықтың сүйікті бағдарламасы "Айтуға оңай" жобасы осымен өз мәресіне жетті.

Бұл туралы өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында белгілі журналист әрі тележүргізуші Бейсен Құранбек жазды.

"Иә, «Айтуға оңай» аяқталды. Тамыздың соңына дейін қайталаулар беріледі. Сонымен бітті...

Бес жылдың ішінде қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтудай-ақ қайттық. Жәй ғана айтып қоймай, қолдан келгенше сүрінгенге-сүйеу, жығылғанға - жастық болдық", - деген ол "Неліктен бағдарлама өз жұмысын тоқтатты?" деген сауалға да жауап берді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда тоқтап қалған троллейбусты итерген "тоғыз әже" желіде жұлдыз болды (видео)

"Осылай жалғастыра берсек те болатын еді. Қалыптасқан, елдің көңілінен орын тапқан бренд, форматты ары қарай да қолдана беруге болатын еді. Бірақ әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі.

Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен ескен алатын бір кезең артта қалып барады. Мен үшін «АЙТУҒА ОҢАЙ» үйрену, өсу, қызмет ету мектебі болды. Көп нәрсе жазғым келеді. Ол енді мақтандай қабылдануы мүмкін екенін ескеріп, қоя-қойған жөн болар", - дей келе ол бес жыл бойы бағдарламаны жасауға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Тағы оқыңыздар: Қылмысын мойындату үшін күдіктіні әбден азаптаған бес полицей жазадан бас тартып отыр

"Ерекше рахмет айтатын, ол - Нұртілеу ағам айтпақшы, «патша көңілді көрермен». Сіздердің бізге уақыт, көңіл бөлгендеріңіз үшін, бей-жай қарамай ықылас, ниет танытқандарыңыз үшін  МЫҢ АЛҒЫС!

Сіздерсіз біздің жасаған хабарымыз ешкімге керексіз боп қалар еді...

Ары қарай не болады дейсіздер ғой. Қарап отырмаймыз. ҚАРЕКЕТ қыламыз. Елге пайдалы дүние жасаймыз. «Ұлттық арнадағы» жаңғыру кезеңіне өз үлесімізді қосамыз. Ол туралы жаңа маусымда көріп, бағасын бере жатарсыздар", - деп аяқтады сөзін Бейсен Құранбек.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл!>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1583628-eldinh-munh-muqtazhyn-zhoqtaghan-aytugha-onh/

pixel