Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева жаңадан алған үйі мен жиһазын көрсетіп мақтанды (видео)

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева оқырмандарына жаңадан алған пәтерін көрсетті. Әнші жаңа қонысы майлы, әрі жайлы болсын деген ниетпен босағасын майлап, жақсы тілектер айтты.

Бұл жаңалықты Меруерт Instagram парақшасында бөлісті.

"Босаға берік болсын. Осы үйге құт-береке келсін, жақсылық болсын. Жаман хабар келмесін үйіме. Балам аман-есен болсын, осы үйге келін кірсін. Қазақтың жақсы бір ырымы бар. Жаңа үйге кірген кезде адамдар өзінің босағасын майлап кірген. Сол үшін мен бүгін мына жаңа үйдің есігін аттағалы тұрмын", - дейді әнші.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова ана атанды

Сонымен қатар ол жатын бөлмесіне алған төсегінің суретінде желіге салған. Әншінің тыңдармандары жаңа қонысына құтты болсын айтып, желіде ақ тілектерін жаудырып жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1578058-meruert-tusipbaeva-zhanhadan-alghan-uyi/

pixel