Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікұшағы бар той кортежін шымкенттік полицейдің өзі бастап жүрген (фото)

Опубликовано:

"Шымкент-Ташкент» тас жолында тікұшақ бастап бара жатқан үлкен той кортежінің видеосы әлеуметтік желіні шулатқан еді. Осыған орай тікұшақты жалға беретін компания басшысы мен азаматтық авиация комитетінің сарапшысы NUR.KZ порталына пікір білдірді.

"31 шілде күні шымкенттік жас жұбайлардың туыстарынан тапсырыс келіп түсті. 30 минутқа видео клип түсіру үшін пилот пен тікұшақты 272 мың теңгеге жалға алды. Ал негізінде олар бес минут қана түсірілім жасапты. Тікұшақ тізгінінде тәжірибелі маман болған. Ол ешқандай ережені бұзған жоқ. Жерден 10 метр биіктікте, сағатына 60 шақырымда жүріп өтті.

Ал түсірілім Шымкент-Ташкент тас жолы емес, қаладан 20 шақырым жердегі жаңадан салынып, қолданысқа берілмей тұрған жерде өткен. Жас жұбайлар ерекше видео түсіру үшін жол-патруль қызметінен рұқсат та алған. Ал видеоны кортеждегі көліктің жүргізушісі түсіріп, желіге салып жіберіпті», - деді әуе тасымалдау компаниясының басшысы Қуаныш Мұсаев.

Тағы оқыңыздар: Қазақтың шапаны тағы да желіні шулатты (фото)

Ал инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің сарапшысы, бұрынғы пилот Қанат Түсіпбеков той кортежінің қауіпсіздігін полиция қадағалады дейді.

«Видеоны көріп шықтым. Ұшқыш ретінде айтарым ешқандай заң және ереже бұзушылық жоқ. Тікұшақтың ішінде жас жұбайлар мен жол полицейі және таспагерлер болған. Компания жеке тапсырыс алып, оны дұрыс орындаған. Бұл бірінші жайт емес, видео клиптар мен кино түсіру үшін жекеменшік компаниядағы тікұшақтарды тұрғындар жиі жалға алады. Мына той жайлы айтар болсам, жас жұбайлар машина жүрмейтін трассаны 30 минутқа жапқан», -дейді сарапшы әрі бұрынғы тікұшақ пилоты.

Аталған видео және мамандардың сөзіне қатысты Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінен кортеждің қауіпсіздігін қадағалаған жол полицейіне қатысты пікір ала алмадық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1576579-tikushaghy-bar-toy-kortezhin-shymkenttik/

pixel