1576577 Әншілерге қарағанда өзінің маман екенін алға тартқан Асылхан болашақта дубляж саласына бет бұруға қарсы еместігін айтады. Культура и шоу-бизнес

Сұлулардың арманы болған белгілі қазақ актері кинодан біржолата кетпекші

"Жаужүрек мың бала" киносы арқылы мыңдаған сұлудың жүрегін жаулаған Асылхан Төлепов енді дубляж саласында мүмкіндігін байқап көрмек. Ең жас мәслихат депутаты атанған ол дубляждың майталман маманы ретінде танылуға қарсы емес деп хабарлайды НТК арнасының Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сұлулардың арманы болған белгілі қазақ актері кинодан біржолата кетпекші

Асылхан Төлепов. Фото: Интернет желісінен

Көрерменнің сүйіктісі бұл күндері дубляж студиясында тынбай еңбектенуде. Өнер иесі Әбіш Кекілбаев шығармасының желісімен таспаланған картинаны дыбыстауға кірісіп кеткен.

"Өзіңнің даусыңды өзің жазу оңайға соғады. Басқа актердің даусын жазу қиындық тудырады", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Қазақтың шапаны тағы да желіні шулатты (фото)

Соңғы кездері шетелдік туындылардың көбісі қазақшаға аударылып жатқаны рас. Тіпті Disneyland пен Моана кейіпкерлеріне әнші Мақпал Исабекова мен Бүркіт өз дауыстарын сыйлаған болатын.

"Ұсыныс түссе дыбыстауды жасар едім. Негізгі мамандығым актер және сөз сөйлеу мамандығының әртісі. Яғни жүргізушілік, дикторлық, дубляж жасау", - дейді ол.

Ал әншілерге қарағанда өзінің маман екенін алға тартқан Асылхан болашақта дубляж саласына бет бұруға қарсы еместігін айтады.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 24

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .