1576104 Көпшілік клипті "Despasito" әнімен салыстыруда. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Жартылай жалаңаш қыздарды клипке түсірген Айқынды көпшілік сынға алды (видео)

Айқынның жуырда жарыққа шыққан клипін қазақстандық тыңдармандар қызу талқылауда. Көпшілік клиптегі жартылай жалаңаш қыздарды  қатаң сынға алып, Айқынның бейнебаянын  "Despacito" әнін орындайтын пуэрторикалық  Луиса Фонсидің клипіне ұқсатуда деп хабарлайды NUR.KZ. 

Жартылай жалаңаш қыздарды клипке түсірген Айқынды көпшілік сынға алды (видео)

Айқынның жаңа бейнебаяны. Скриншот видеодан

"Қазақ қыздарын жарнама жасап  жалаңаштай бер", "Кілең жын ойнақ", "Қандай тәрбие бұл?!", "Әніңіз керемет! Бірақ, клипке жартылай жалаңаш қыздардың түскені жақсы болмады", - дейді клиптегі қыздардың биін сынға алушылар.

Дегенмен "Өмірімде айқын, өнерімді айқын" деп әндеткен Айқынның әні мен бейнебаянын ұнатқандар қатары да жетерлік.

Тағы оқыңыздар: Журналист тікелей эфирде оңбай таяқ жеп қалды (видео)

"Қазақстандық әртістердің біреуі әйтеуір жөні түзу клип түсірді", "Айқын клип тамаша! Маған қатты ұнады! Көңілді, жеңіл ән. Ұят дейтіндерге айтарым, жазда ешкім бассейнге шубамен бармайды", "Дәл осы жерде "ұятты" тықпаламай тұра тұрыңдаршы", - деп жазады желі қолданушылары.

Еске салсақ, Айқын мен кубалық топ "Sin frontera" тобының  бұл бейнебаяны Қапшағай маңында түсірілген.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 49

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .