1572453 Әнші: Басшы болсам арнадағы жалаңаштардың көзін құртар едім ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Мейрамбек Беспаев "Гәкку" арнасының жасаған "қастандығы" туралы ашық айтты

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев "Жұлдыз ТВ" арнасына берген сұхбатында отандық музыкалық арна туралы бар ойын ашық айтты. Ол "МузАРТ" тобын ел алдында ұятқа қалдырған "Гәкку" арнасының қызметіне көңілі толмайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамбек Беспаев "Гәкку" арнасының жасаған "қастандығы" туралы ашық айтты

Скриншот "Жұлдыз ТВ" арнасынан алынды

"Мен "Гәкку" арнасының бір концертіне шыққаныма өкінемін. Би қойып жатырмыз деп айтып, артымызға жалаңаш қыздарды билетіп қойды. Ол былайша айтқанда бізді аяқтан шалу, қастандық. Міне, сіздер сүйген "МузАрт"-та өстіп жүр деген сөз. Ол концертте МС Сайлаубек те шықты. Не тілін түсінбейсің, өзінің не айтып тұрғанын өзі түсінбейді. Мен оның дәрежесіне түстім деп күйген жоқпын, біздің дәрежемізді ана дәрежеге бүкіл әншілерді түсірді деп күйдім. Сондай істеп жатқан арамызда, шапанын теріс киіп алған алаяқтар бар. Жан ашығансып, ішімізге кіріп, біздің өнеріміздің барлығын араластырып, сорпа қылып, дәмсіз бірдеңе қылып жатыр.

Сонымен бірге әнші өзіне музыкалық арна тізгінін берсе, қандай дүниелерді қолға алатынын да ашық айтты. Алайда оның ойынша, оған телеарна басшылығын беруге ешкім де мүдделі емес.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаев Баян Есентаеваның кітабын ешқашан оқымайтынын айтты

"Мен сияқты "неудобный" адамдарға бермейді оны, ұлтшыл бірдеңе, өзі музыкант бола тұра түсінбейді деген әңгіме шығады. Мен шетелдің барлық әндерін, рок-ролл-ың бар, тыңдай аламын, бірақ мындай масқара әндерді тыңдай алмаймын.

Қайдам, мен сияқтыларға мұндай музыкалық арнаны басқартқызбайды. Басқара қалсам, жалаңаштарды, сорақылықтарды құртар едім. Гәкку арнасын не үшін айтып отырмын? Басында олар қазақи болып бастады. Ойбай, қазақтардың барлығын жарылқап жатыр екен дедік. Ән-күймен әдемі бастады. Елді тартып алған соң, уықтарының барлығын тастады. Сөйтіп тұрған шаңырақ құлайды ол, қашаңғы отыра береді дейсің. Енді екіншісін ашып алды, "Той Думанды". Оның о бастағы саясаты, елді қазақи көрермендерді тартып алу. Өйткені олар өтпей қалды.

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист Есентаеваны Жазушылар одағының хатшысы етуді ұсынды

Қазақ әншілері күрт көретіліп кетті. Тойда жүрген әнші болсын жағдайы жақсы болып кетті. Олар оның барлығын көріп отыр. Оларға деген сұраныс болмай қалды. Жасап отырған саясатын біліп отырмыз ғой.

Егер де сен онда сырға тағып бар, мәні жоқ клиптеріңді апарсаң, өтірік айтпаймын жарты сағат сайын көрсетеді. Ал егер шолпысын таққан, мысалы Жазира мен Жанболаттың клипін алып баршы. Көрсетпейді. Әйтеуір алдап, қазақ ренжімесін деп аптасына бір көрсетеді. Егер де музыкалық продюсер болар болсам, осыдан бастар едім", - деді ол.

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 60

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .