Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Араб әйелдері елдегі тыйыммен күресу үшін қысқа көйлек кие бастады

Опубликовано:

Сауд Арабиясында әйелдер өзіне назар аудартып, елді шулатқысы келсе, қысқа белдемшемен көлікке мініп, қаланы бір айналып шықса жеткілікті. Бұл видеоны интернетке жүктесе, бірер сағаттың ішінде-ақ елдің сөзіне қалуы ғажап емес.

Хулуд, Сауд арабиялық модель

Осы аптада әйгілі араб моделі Хулуд  қысқа белдемше мен қысқа кеудеше киіп шыққан видеосы елде дау туғызды.  Тіпті, ел билігі бұл жағдайды зерттеуге кірісті.

Видео әлеуметтік желіде үлкен шу көтерді: бірқатар саудтықтар модельді ислам нормаларын бұзғаны үшін тұтқындау керек десе, басқалары әйелдің батылдығына қайран қалып, оны қолдап шықты.

Муна Әбу Сүлейман

Елге танымал 44 жастағы Муна елде дау тудыратындай әрекетке бармайды. Десе де оны сынаушылар көп. Муна Әбу Сүлейман халықаралық телеарна эфиріне шыққан саудиялық алғашқы тележүргізуші. Осы жайттың өзі көптеген отандастарына оны сынау үшін жеткілікті болды. Олар ислам тәртібі бойынша әйел адамның елге танымал болуын құп көрмейтінін жеткізген. Алайда Муна ешқашан да жұрт көзіне ашық киім киіп шықпапты. Тележүргізуші сәнді киімдер желісін ұсынады. Өзі жабық киінеді, бірақ басқа мұсылман әйелдерінен ерекше киінгенді жөн санайды.

"Қыздар киім таңдауда талғамның шексіз болатынын түсінсе екен деймін", - дейді Муна.

Ханшайым Амира ат-Тавиль 

33 жастағы ханшайым Амира ат-Тавиль АҚШ-тың Нью-Хейвен университетінің түлегі. Ол миллиардер Әл-Валид ибн Талала Әль-Сауд ханзадаға тұрмысқа шыққаннан кейін танымал бола бастады.

Ел жиналған орталарда ол үнемі еуропалық стильде киініп келеді. Оның осы әрекеті саудтық консервативті қоғамның наразалығын тудырады.

Амира ханшайым бірнеше рет америкалық БАҚ-қа Сауд Арабиясындағы әйелдерге көлік жүргізуге тыйым мәселесі бойынша сұхбат берген. Оның айтуынша, елде "бағынбау акциясы" өткен. Оның барысында әйелдер өздерінің көлікті тізгіндегенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Маналь аль-Шариф

Маналь аль-Шариф алты жыл бұрын Сауд Арабиясында "әйел бола тұра көлік жүргізгені үшін" тоғыз күн түрмеде отырып шыққан белгілі саудтық араб әйелі.

Оның сөзінше, бірде ол кешкілік көшеден үйіне жету үшін такси таппай қалған. Оған сол жерде жігіттер тиісе бастаған. Маналь осы жағдайдан соң, өзім рөлге отырамын деп шешіпті.  YouTube-ке жүктелген видео бір күн ішінде 700 мың рет қаралған. Осылайша ол Сауд Арабиясында әйелдердің көлік жүргізуі үшін күресті бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1560968-arab-ayelderi-eldegi-tyyymmen-kuresu/

pixel