1553512 Жұбаныш Жексен: Тойдан шыққан әншілер қайқаңдап жүреді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Танымал әнші шоу бизнестегі әкімдердің балалары туралы шындықты айтты

Бүгінгі нарық заманында той көздеп кеткен әншілер шынайы өнердің бағасын түсіріп жатыр деп байбалам салған аға буын өкілдері жоқ емес. Солардың бірі - Жұбаныш Жексенұлы. Ол өз сұхбатында отандық шоу бизнестегі былықтарды жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әнші шоу бизнестегі әкімдердің балалары туралы шындықты айтты

Фото әншінің Instagram парақшасынан алынды

"Мақтайсың кеп, мақтайсың кеп көзіме, өзімнің шамам белгілі ғой өзіме" деген ғой бұрындары. Бетіне мақтап жүргенде, біздің эстраданың қазіргі дәрежесі төмендеп кеткен. Естуге құлақ, көруге көз ұялатын бейнебаяндар мен әндердің қаптап кеткен жайы бар. Соны естіп тұрып, біліп тұрып, сезіп тұрып, көріп тұрып бетпе-бет келгенде бетіне айтуға қорқып, қорықпаса да ыңғайсызданатындар бар. Жұрт не ойлап қалады екен деп, әртістердің өзін ылғи да жақсы етіп көрсеткісі келетіні өтірік емес", - деп күйінді ол.

Тағы оқыңыздар: Форбс тізіміндегі ең қалталы әнші Қайрат Нұртас өзінің бай екенін жоққа шығарды

"Бізде ұяттың, ардың, жоқтығы осы кезде білінеді. Адам деген бірінші кезекте өзінің ішкі сынына сүйену керек. Қазір адамдар содан ада болып жатыр", - дейді Жұбаныш Жексенұлы.

"Өнерді өміріне өзек қылып, өмірін музыкаға әнге арнаған адамдар бар. Сондай-ақ, әкесі прокурор, әкім немесе той-томалақта елдің көңілін шығып қалған әншілер бар. Солар кеп алдыңда қайқаңдап, бірге сахнаға шығып, қатар тұрып сахнада ән айтады.

Біреу барынша тырысып, әртүрлі байқаулардан,  сындардан, мектептерден өтіп, сахнаға зорға жетеді. Ал біреу түстен кейін тойдан атып шығады да, олардың қасында қымбат киім киіп алып қатар тұрады. Бұл әділеттілік пе?", - деді қынжылған әнші.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 49

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .