1553439 Әнші: Мен 500 мың долларды қайдан аламын? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Форбс тізіміндегі ең қалталы әнші Қайрат Нұртас өзінің бай екенін жоққа шығарды

Қайрат Нұртас "Қайраттың бюджеті "Қайрат" футбол клубынан он есе артық" деген қауесетке жауап берді. Форбс нұсқасы бойынша ең қалталы әнші саналатын әрі бір тойдан 10 мың доллар алатын Қайрат Нұртас өзінің бай емес екенін айтып, елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында айтты.

Форбс тізіміндегі ең қалталы әнші Қайрат Нұртас өзінің бай екенін жоққа шығарды

Қайрат Нұртас

Бағдарлама барысында оған:

"Сіздің ақшаңыз "Қайрат" футбол клубынан он есе артық" дейді. Сол рас па?", - деген сұрақ қойылды.

Алайда әншінің бұл сұраққа берген жауабын ел әзіл деп қабылдады. Себебі бір тойдағы гонорары 10 мың доллар тұратын Қайрат Нұртас өзінің бай емес екенін айтып, ағынан жарылды.

"Мен солай өзім көрінемін. Бәрі мені көргеннен мынаның ақшасы көп екен деп ойлайды. Мен бір адамның ақшасын қолыма ұстап суретке түсе салам, бітті ол ақша менікі деп есептеліп кетеді. Мәселен, күні кеше Rolls Royse көлігіне міндім (ред. - желіге видео салдым). Содан әңгіме кетті. Бұл көлікті біреуге сыйға тартты деп шулады.

Тағы оқыңыздар: Алпыс жасқа толған отандық әнші тоқал алуға қарсы еместігін айтты

Ол көлігің 500 мың доллар тұрады. Мен оны қайдан аламын? Мені шетелдіктердің барлығы көреді. Сол үшін елге солай болып көрінуге тырысамын. Әйтпесе бай да емеспін, кедей де емеспін. Орташамын. Аллаға шүкір өзіме жетеді", - деді әнші.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 79

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .