1545162 Миллионнан астам жазылушысы бар жұлдыздар бір ғана жарнамадан 6-7 миллион тенге алады. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Бір пост жарты миллион теңге: Ақшаны күреп табатын отандық жұлдыздар кім? (фото)

Instagram әлемінде танымал болсаңыз, онда үйде жатып та ақша табуға болатынын бүгінде барлығы біледі. Ал жұлдыздардың желідегі парақшасы тіптен сұранысқа ие. Бір жазбасы жарты миллон тенге тұратын жұлдыз кім?

Бүгінде әлемдік жұлдыздар бір жазбасы үшін 550 мың доллар алуға бейімделсе, отындық жұлдыздар да күн өткен сайын парақшаларында жарнамалық жазбалар жазуды үдете түскендей. "НТК" арнасы отандық жұлдыздар жарнамасының прайсын зерттеп көрді.

Айтыскер ақындардан бастап қарапайым блогерлерге дейін Instagram желісін табыс көзіне айналдырып жатқан отандық шоу бизнесте те жарты миллион тенге сұрайтындар жоқ емес.

Бір пост жарты миллион теңге: Ақшаны күреп табатын отандық жұлдыздар кім? (фото)

Аружан Жазылбекова.

"Аружан Жазылбековамен жұмыс жасағанбыз. Шамамен жүз мыңнан басталады. бір жазба үшін 200 мың, тіпті одан да көп болуы мүмкін", - дейді SMM-менеджер Луиза Галимова.

Ал Айқын болса бір фото үшін кемінде 200 доллар алатынын айтқан болатын.

Бір пост жарты миллион теңге: Ақшаны күреп табатын отандық жұлдыздар кім? (фото)

Фото Instagram парақшасынан алынды

"Бір фото үшін кемінде 150-200 доллар. Жарнама берушілер үшін бартер арзанға түседі", - дейді ол.

Ал оқырмандар саны миллионнан асып кеткен жұлдыздар болса, анау-мынау жарнамаға келісе бермейді. Олар жарнама берушілермен ұзақ уақытқа шарт жасағысы келеді. Осылайша бір ғана жарнамадан олар жылына 6-7 миллион тенге алып отырады.

Ал тапсырыпен вайн (кішігірім роликтер) түсіретіндер туралы әңгіме бөлек.

Мәселен, Yuframe деген атаумен танымал вайнерлер бір роликті түсіріп беру үшін кемінде жарты миллион тенге сұрайды.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 16

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .