1542360 Қарақат Әбілдина өз мектебінің концертіне қатысып, шәкіттеріне қолдау көрсетті. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Елордада "Астана күніне" орай «Қарақат» мектеп студиясының есеп беру концерті өтіп, оған мектеп жетекшісі Қарақат Әбілдина да қатысты. Осылайша ол босанғанынан кейін алғаш рет ел алдына шықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қала күні қарсаңында түрлі мәдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып жатқан Астананың «Бәйтерек» монументі жанында бүгін де қараша халықтың қарасы қалың. Мұнда «Қарақат» мектеп студиясыны шәкірттері өнер көрсетіп, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Айта кетерлігі, салтанатты шара ашық аспан астында өткізілді.

Бұл шараға талантты жастардың бірі жиырма бес жастағы Мұқатаева Алтыншаш да қатысты.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

"«Қарақат» мектеп студиясында төрт жыл бойы білім алып келемін. Бүгінгі концертте Айкүміс есімді өнерпазбен дуэт құрып, Астана жайлы ән айтпақпыз. Ән айтуды бәрі оңай деп ойлайды. Бірақ әннің нотасына түсіп, оны нақышына келтіріп орындау көп еңбекті қажет етеді.

Тағы бір айта кетерлігі, мен осы мектепте алған білімім мен тәжірибемнің арқасында «Шабыт» ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, өз білімімді жетілдіріп жатырмын.

Тағы оқыңыздар: Әйелі барын жасырып жүрген Қайрат Нұртас алғаш рет неке жүзігін көрсетті (фото)

Армандарым өте көп, алдағы уақытта продюсер тауып, ән жазып, бейнебаян  түсіргім келеді. Сол мақсаттарыма жету үшін, барымды салуға тырысамын», - дейді жас өнерпаз.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Жастайынан мүгедектер арбасына таңылған қайсар қыз, сондай-ақ, өнер жолында кездескен қиындықтарымен де бөлісті.

«Өзім жайлы айтар болсам, біз Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының тумасымыз. Астанаға көшіп келгенімізге де жеті жылға жуықтап қалды. Ән айтып, өнерге бет бұрғым келгендіктен, Астанаға келе сала, мені өнерге баулып, білімімді жетілдіретін мектеп, курстарды іздедім. Алайда, бәрі арбаға таңылғанымды көріп, мені қабылдаудан бас тартумен болды.

Тек осы Қарақат апайдың мектебі ғана мені жылы қабылдап, талантымды ұштауға мүмкіндік берді. Осы үшін, барлық ұстаздарым мен Қарақат апайға зор алғысымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңізді ақтап, өнердің биік шыңынан» көрінуге тырысамыз», - деп өз алғысын білдірді жас өнерпаз.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Кенеттен күн күркіреп, өткінші жауынның сіркіреп өткеніне қарамастан, тұрғындар концертті тағатсыздына күтумен болды.

Күн шайдай ашылып, жаңбыр басылғаннан кейін концерт те басталып, шаһар тұрғындары талантты жеткіншектердің өнерлерін тамашалаумен болды.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Өнерлі өрендер дәстүрлі және танымал эстрада жұлдыздарының  әндерді орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Әсіресе жас таланттардың орындауындағы «Африка» биі көпшіліктің көңілінен шығып, жиналған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Тақы оқыңыздар: Пейілі тар қазақ келінінен өзге ұлтты артық көрген Жазира өзін сынағандарға жауап берді

Ал, жетіген аспабымен орындалған әнге шаһар тұрғындары ұзақ уақыт қол соғып, жас өнерпаздардың өнерлеріне тәнті болды.

Балдырғандарды демеп, олардың өнерлерін тамашалауға келген ата-аналар мен жақындарының да саны көп болды. Олардың арасында «Қарақат» өнер мектебінің жетекшісі Қарақат Әбілдина на болды. Әнші концертті тамашалауға анасымен бірге келген.

Қызды болған Қарақат Әбілдина босанғаннан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .