Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздар көлікте тікелей эфир жүргіземін деп жантүршігерлік жол апатына түсті (видео)

Опубликовано:

Харьковта BMW мінген қыздар желіде тікелей эфир жүргіземін деп жантүршігерлік жол апатына түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.tsn.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 29 маусым күні таңғы үш жарымда болған. 24 жастағы жүргізуші қыз Instagram желісінде тікелей эфир жүргізіп отырып, көлігін басқара алмай қалған. Олар жол жиегінен шығып кетіп, электр желісінің бағанына ұрылады.

Жол апатынан көліктің сау тамтығы қалмаған. Жүргізуші қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ал 16 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Тағы оқыңыздар: Оралда полиция қызметкері қағып кеткен екі жасар сәби тіл тартпай кетті

Желіде қыздардың жүргізген тікелей эфирінің видеожазбасы тарап кетті. Онда қыздардың ішімдік ішіп отырғаны байқалады. Бүгінде полиция тергеу жүргізуде.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1542039-zhas-qyzdar-kolikte-tikeley-efir-zhurgi/

pixel