Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның өлер алдында әйеліне жазған хаты жұртты жылатты (фото)

Опубликовано:

Бекка есімді әйел күйеуінің қазасынан кейін оның жазып кеткен хатын тауып, көзіне жас алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің әкем 26 ақпанда 51 жасында қаза болды. Ол шатырдың астында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып, күре тамырын кесіп алған", - дейді қаза болған азаматтың ұлы.

Ер адам өлер алдында жатқан жеріндегі еденге әйеліне хат жазып кетіпті.

Тағы оқыңыздар: Тыйым салынған ұйымның идеяларын Қазақстанда таратқандар сотталып кетті

"Бекка, мен сені сүйемін. Жағдайларға қарамастан, бұл да керемет күндердің бірі болады деп үміттенемін. Құдай менің тілегімді естиді деп сенемін. Сен үшін дұға етемін... Сенің бақытты екеніңді білемін. Енді қайта сені көре аламын ба, оны білмедім. Дегенмен сені қатты жақсы көретінімді білгеніңді қалаймын. Сен қуанғанда, менің де жаным жадырай түсетін. Өмірде ең бақытты адам болып қалуыңды тілеймін. Әлемдегі ең көрікті әйелім, сені шексіз сүйемін", - деп жазған ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1540145-er-adamnynh-oler-aldynda-ayeline-zhazgha/

pixel