1538642 Ешкімге сырын ашпайтын Сәбит Әбдіхалықов ақыры отбасымен бірге тұрмайтынын мойындады. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Сәбит Әбдіхалықов Алтынайдың өзін тастап кеткенін мойындады

Сәбит Әбдіхалықов Алтынаймен ажырасып кеткенін алғаш рет растады. Осылайша ел арасында олардың ажырасқаны туралы қауесетке нүкте қойылды. Сәбиттің айтуынша, отбасын тастап кеткен ол емес, керісінше, Алтынай әншімен бірге тұрғысы келмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Hit TV арнасынан айтылды.

Сәбит Әбдіхалықов Алтынайдың өзін тастап кеткенін мойындады

Сәбит пен Алтынай төрт қызымен бірге

Танымал актерге төрт қыз сыйлаған әнші Алтынай көптен бері жарымен түскен суретін желіге жүктемей, жеке өмірі туралы ақпарат бермей жүргені белгілі. Ол тіпті желі қолданушыларының жұлдызды жұптың ажырасып кеткені туралы болжамына ашуланып, журналистерге де ешқандай пікірі білдірмей қойған-ды.

Тағы оқыңыздар: Димаштың әндерін 200 мәрте тыңдайтын қытайлық қыз жүрекжарды лебізін білдірді (фото)

Алайда бұл жолы ешкімге сырын ашпайтын Сәбит Әбдіхалықов ақыры отбасымен бірге тұрмайтынын мойындады. 16 жыл бойы бірге тұрған Алтынаймен ол ажырасып кеткен.

Отбасылық өміріне қатысты қойылған сұраққа жауап бергісі келмеген Сәбит қолындағы микрофонды тастай салған. Қатты ашуланған ол:

- Мен бір-ақ сөзбен жауап беремін: мен ешкімді тастаған жоқпын.

- Демек, сізді Алтынай тастап кетті ме?

 - Солай.

Осылайша, қысқа ғана диалог арқылы ол өмірінің бар сырын ашып қойды.

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 197

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .