1537999 Димаштың ерекше талантына бас иіп, оның шығармашылық кешін өткізіп алғысы келмеген осындай туристердің бірі - қытайлық Ле Син. Общество

Димаштың әндерін 200 мәрте тыңдайтын қытайлық қыз жүрекжарды лебізін білдірді (фото)

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әндерін екі жүз мәрте тыңдаудан жалықпайтын қытайлық турист Димаш арқылы қазақты танығанын айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Димаштың әндерін 200 мәрте тыңдайтын қытайлық қыз жүрекжарды лебізін білдірді (фото)

Қытайлық турист Ле Син. Фото: nur.kz

Астанада өткен Димаштың "Bastau" атты жеке концертіне орай шетелден келген туристердің де қарасы көбейді. Айта кетерлігі, айтулы шараға арнайы келіп отырған қонақтардың басым көпшілігін Қытай азаматтары құрап отыр.

Димаштың ерекше талантына бас иіп, оның шығармашылық кешін өткізіп алғысы келмеген осындай туристердің бірі - қытайлық Ле Син.

Кешегі күнін Көкшенің Бурабайында саяхаттауға арнаған ол бүгінгі күнін бас шаһардың біраз жерлерін аралаумен өткізген екен.

Тағы оқыңыздар: Екі жүзге жуық баласын асырай алмаған қария елден қайыр сұрап жүр (фото)

Димаштың әндерін 200 мәрте тыңдайтын қытайлық қыз жүрекжарды лебізін білдірді (фото)

Қытайлық туристер. Фото: nur.kz

«Астана өте әдемі қала екен. Бурабайларыңыздың да көркінен көз сүрінеді. Негізі мен Қазақстан жайлы бұрын көп біле бермейтінмін. Бірақ Димаш арқылы біз сіздердің елдеріңіз, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарыңыз, тарихтарыңыз туралы көп мағлұматтарды біліп жатырмыз.

Қазақ халқы - өте мықты халық. Сіздердің болашақтарыңыз әлі алда», - деп қытайлық қыз Қазақстан жайлы өз әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ ол Димаштың көптеген әндерін үзбей тыңдайтынын жеткізді.

«Мен Димаштың әр әнін 200-ден астам рет тыңдадым. Оның орындауындағы ең жақсы көретін әнім – «Менің Қазақстаным» Оны тыңдағанда қазақ болмасам да, еріксіз көзіме жас тығылатынын жасырмаймын», - деген Ле Син Димаштың шығармашылығына деген ыстық ықыласын білдірді.

Тағы оқыңыздар: Арменияның көркінен көз сүрінер 12 аруы (фото)

Естеріңізге сала кетейік, кеше елордада жас әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болып өткен еді. Оған 30 мыңға жуық адам куә болып, тыңдармандары таң қалдырар шоу тамашалаған.

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 30

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .