Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы олигархтардың балалары қалай өмір сүреді? (фото, видео)

Опубликовано:

NUR.KZ порталы еліміздің бай-бағландарының қыздары мен ұлдары туралы бірқатар қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.

Ең беделді әрі қымбат жиындарда бой көрсетіп жүрген "ақсүйектер ортасының" жастары бізде де баршылық. Олардың дені шетелде демалып, қымбат көлікпен ел назарына түсіп жүр.

Диас Атамқұлов

Бірнеше белді компанияның директоры атанып отырған Диас Атамқұлов - министр Бейбіт Атамқұловтың ұлы.

Ол Малайзияның Саравак штатының премьер министрі әпкесінің қызы Алия Наташа Дженейд есімді аруға 2013 жылдың жазында үйленген. Жігіттің аста-төк тойы елде қызу талқыға түскен болатын.

Димаш Әділет

Instagram-дағы бай балалардың тізіміне енген алматылық Димаш Әділет те шалқыған өмірімен талай тұрғынды қызықтырып жүр. Женева көшелерінде қазақстандық нөмірлі көліктерімен сайран салып жүрген Димаш кәсіпкерлікке қажет макро, микроэкономиканы, психологияны оқумен қатар, жарнамаға түсіп тұрады.

Димаш Әділеттің автокөлікке деген қызығушылығы оның қалтасына қаншалықты ауыр тиетіні белгісіз. Алайда ол өзіне ұнаған қымбат көлікті бағасына қарамай сатып алуға дайын.

Асқар Аюпов

Оның досы астаналық Асқар Аюпов Димаш Әділетпен бірге Европадағы көңілді кештерге барып тұрады.

Асқар Аюповтың әлеуметтік желі парақшасынан байқағанымыздай, ол саяхаттағанды ұнатады.

Астаналық жігіт өзі оқыған Швейцариядан басқа, Франция, Испания, Италия, Біріккен араб әмірліктері және Монакода болған.

Қазыбек Ермегияев

Бюджеттен ақша жымқырғаны үшін сотталған "Астана «ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ұлы Казыбек Ермегияев болса АҚШ-та білім алып жүр.

Жас жігіт АҚШ президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне қатысып, ел назарына түскен болатын. Қазыбектің желі парақшасынан оның мергендікке, аңшылыққа әуес екендігін байқауға болады.

Қазыбек парақшасында әкесін жерге қаратпай, ата-анасы мен жақындарына қамқор болуды басты міндеті санайтынын жазған.

Севиль Төлешова

Мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болғаны үші сотталған "Сыра патшасы" Тоқтар Төлешовтің 13 баласы бар.

Алайда олардың арасында қоғам жақсы танитындары - Севиль мен Даниель.

КТК арнасының мәліметтеріне сүйенсек, Севиль қандай нәрсе жасаса да ол ешбір жауапқа тартылмаған. Әкесі қызының Шымкентте жасаған әрекеттеріне көз жұма қараған.

Оның әкесінен алған қымбат сыйлықтарының арасында бірнеше мың доллар тұратын Rolex сағаттары мен Bentley автокөлігі болған.

Бойжеткен кез-келген уақытта элиталық тағамға тапсырыс бере алатын. Оны төменгі қабатта дайындайтын. Тағамдарды арнайы аспаздар жасап, жеке даяшылар оны үстелге әкеп беретін болған. Қызметшілер үй иесінің кез келген қисынсыз тілектерін орындапты.

Ал Төлешовтің қызы Айткүлді ұзату үшін жиналған халықтың арасында небір танымал тұлғалар бар. Бойжеткеннің әкесі салтанатты мереке үшін 700 мың долларын аяған жоқ.

Кіші қызының туған күні болса "Властелин колец" голливудтық блокбастер желісімен өткені жұрттың ерекше назарына іліккен еді. Туған күн иесі фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі - эльфтер ханшайымы Арвеннің кейпінде жүрсе, әкесі эльфтер патшасы - Эрлонд секілді киінген.

Мақсат Үсенов

Мақсат Үсенов - жемқорлықпен ұсталған "Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясы департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы.

6 тұрғынды қағып кетіп, адам өліміне себепкер болған Мақсат Үсенов ауыр жазадан құтылып кеткенде жұрт бір шулаған еді. Жақында Үсенов тағы да шу шығарып, Бангкок полицейіне ұсталды.  Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін бұзған.

Сиви Махмуди

Мұнай магнаты Нәлібаев Махмұдтың қызы Сиви Махмуди бүгінде өзін тек жақсы қырларынан көрсетіп жүр. Ол елге әнші әрі актриса ретінде танылған.

Әнші жақында ғана хан сарайындай зәулім үйге көшіп, қоныс тойын дүркіретіп атап өткен.

Айта кетерлігі, бұл тізімге енбей қалған талай қалталы азаматтардың балалары баршылық. Әлеуметтік желіде richkidsofkazakhstan тақырыбымен іздеу салсаңыз, бірталай қазақстандық жастардың фотолары шыға келеді. Солардың кейбірін назаралырыңызға ұсынамыз.

Барлық фото ашық ақпарат көздерінен алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1535630-qazaqstannynh-asta-tok-baylary-balala/

pixel