1532101 Желілік маркетингке күмәнмен қарайтын желі қолданушылары оларды сөгіп тастады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Ел құрметтейтін ақындар көпшілікті оңай ақша табуға шақырғаны үшін сынға қалды (фото)

Бүгінде әлеуметтік желі - мол табысқа кенелетін бизнес көзіне айналғаны мәлім. Ал солардың ішінде оқырманы көп жұлдыздар жарнама беруден алдарына жан салмай тұр. Алайда жақындарының бизнесін жарнамалап, елді өзіне қаратқан қос ақын елдің сынына қалды.

Ел құрметтейтін ақындар көпшілікті оңай ақша табуға шақырғаны үшін сынға қалды (фото)

Айнұр мен Сара. Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева желілік маркетингті жарнамалап, сіңлісінің бизнесінің өркендеуіне септігін тигізген. Ол Ардақ есімді қызды қолдап, арнайы жазба қалдырған еді.

"Біз қашып жүргенде сіңілім Ардақ осындай пәлеге кірді де кетті. Кіргенде жаман кірді. "Бітті" дедік біз, "мына қыз қораға кірді-ау" деп шошып жүрдік. "Осы сетевоймен байып кетем" деді ол. Күлдік.

Ардақ звондаса телефон көтеруге қорқамыз, тағы тауар ал деп айта ма деп.

Тағы оқыңыздар: Өнерге қайта оралған Зарина Омарованың тойына жұлдыздардың бірі де келмей қойды

"Ойбай, 100 мың айлық алдым" деді ол. "Басында қызықтыру үшін солай береді олар" деп қарсы уәж айтамыз.

"Ойбай, 500 мың алдым" деді ол.. Ішімізден "оттай береді, басында солай бәрі" деп жүрміз. Өліп кетсең сенбейсің ғой", - деген ол өз оқырмандарын бұл бизнестің шынайы екеніне сендіруге тырысты.

"Қыздар, Алла куә деп айтайын, мынау бизнесте ақша көп екен, пайдаланып қалыңыздар, жұмыс істеңіздер! Таза өнім, ешкімді алдамай, үйде отырып, адал ақша табу деген керемет емес пе?!.. Әсіресе ауылды жерлерде жоқ", - деп жазған болатын әнші.

Ел құрметтейтін ақындар көпшілікті оңай ақша табуға шақырғаны үшін сынға қалды (фото)

Айнұр Тұрсынбаева сіңілісі Ардақпен. Фото Ардақтың Instаgram желісінен алынды

Дүйім жұрт Айнұрды осы жазбасы үшін сөгіп жатса, оған сенім білдіріп, аталған бизнеске қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ.

Енді ақының бұл әрекетін оның құрбысы, өнердегі әріптесі әрі ауылдасы Сара Тоқтамысқызы да қайталады.

Ол да өз сіңлісі Динараның бизнесіне жарнама жасап, елді өзіне сенім білдіруге шақырды.

Ел құрметтейтін ақындар көпшілікті оңай ақша табуға шақырғаны үшін сынға қалды (фото)

Сара Тоқтамысқызы сіңілісі Динарамен. Фото С. Тоқтамысқызының желісіндегі парақшадан алынды

"Қыздар өтірік жарнамалатып отырған сөзім емес, Динараның өзі 500 мыңның үстінде айлық алып отыр (үйде декретте отырып). Басында мен де сенбегенмін. Осыдан сондай айлықтарға жетемін дегенде: "Ай сайын саған сонша ақшаны кім беред?" - деп миығымыздан күлгенбіз. Енді көзім жетті. Ай сайын өзі де алып жүр, командасына кірген қыздар да алып жүр", - деді Сара.

Ал желі қолданушылары болса, түрлі пікірлерін жаудырып бұндай бизнеске аса сене алмайтынын айтқан. Дегенмен, олардың арасында бағын сынап көргісі келетіндер де бар болып шықты.

Тағы оқыңыздар: Ақшасы жоқ Жанар Айжанова жерлестеріне қалай көмектесерін білмей қиналды (фото)

"Мен өз басым сенбеймін", "Ол пирамида былай қарасаң", "Сара апай сізге бұндай жарнамаларды жарнамалап сіңліңіз үшін қарапайым халықты елең еткізгеніңіз ұят қой!", "Сара жазды деп ойламаймын. Басқа біреу жазғанын шығар Сара қыздың атынан, халықтың қызы болған соң халық сенеді деп", "Желілік қой бұл да. Ақшаң, танысың болса жетерсің зарплатаға, болмаса беекер бос шығын", - деп жарыса жазды олар.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 17

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .