Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда пірәндік жеген екі жасар бала өмірімен қош айтыса жаздады (фото)

Опубликовано:

Қарағандыда отандық пәріндікті жеген екі жасар бала өмірімен қош айтыса жаздады. Пірәндіктің ішінде әйнек сынықтары болған. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Пірәндіктің ішіндегі әйнек сынығы балақайдың тамағына тұрып қалған. Отандық өнімде не себепті әйнек жүргенін енді сот анықтайтын болады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде көшедегі елден қымсынбаған екі жігіт бейтаныс қызды алып қашпақ болды

Ал ұлдың анасы Әсем Құсайынова баласын тамақтандырудың өзі мұң болғанын айтуда. Салиханың бұл жайттан кейін мүлде тәбеті жоғалған.

"Ол пірәндік жеп отырып кенеттен құса бастады. Мен қолыммен тамағынан қан-жоса болған әйнек сынықтарын алып шықтым. Қан тоқтамады. Жедел жәрдем бізді емханаға апарғанымен, дәрігерлер әйнектің ішке кеткен-кетпегенін анықтай алмады. Рентген оны көрсетпейді. Хирург жара тым үлкен екенін, ота қажеттігін айтты. Мен бас тарттым", - дейді Әсем.

Оқыс жағдай екі ай бұрын болған. Әсем бастапқыда бар мәселені у-шусыз шешпек болған. Алайда пірәндік өндірушілер өз кінәсін мойындамай қойыпты.

Әйел құзырлы мекемеге кәсіпорнның жұмысын тексеру туралы шағым түсірді.

Тағы оқыңыздар: Мешітке сыймаған астаналықтар қасиетті Қадір түнін саябақтарда өткізуге мәжбүр болды (фото)

Компания өкілдері журналистерге түсініктеме беруден бас тартты. Ал дәрігерлер Салихке дер кезінде көмек көрсетілмегенде, жағдай әлдеқайда ауыр болатын еді дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1531870-qaraghandyda-pirandik-zhegen-eki-zhasar/

pixel