1530918 Ұлтын шексіз сүйетінін айтқан Жазира Байырбекова ұлына жар таңдауда оның ұлтына қарамайтынын айтты. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Жазира Байырбекова өзге ұлтпен құда болғысы келетінін айтты

Жазира Байырбекова ұлына жар таңдауда оның ұлтына емес, мейріміне, ниетіне қарайтынын айтты. Ол өз ұлтын шексіз сүйе тұра, қазіргі қыздардың қатты өзгеріп кеткенін байқап, келінінің өзге ұлт өкілінен болғанына қарсы тұрмайтынын айтты.

Бұл туралы әнші "Жұлдыз" ТВ арнасына берген сұхбатында айтты.

Жазира Байырбекова өзге ұлтпен құда болғысы келетінін айтты

Жазира мен Жанболат

"Негізінде мен ұлтымды сүйетін адаммын. Әрине, қазір қазақтың қыздарының ішінен керемет қыздарды тауып алуға болады. Бірақ ниеті жаман, пейілі тар қыз алғанша, адал, таза, пәк, мейірімді басқа ұлттың қызын алған дұрыс деп ойлаймын.

Неше түрлі қыздарды көріп, қорқып жүрмін. Менталитеттері өзгеріп кеткен. Қаны қазақ, жаны қазақ болғанымен, санасы басқа қыздар бар. Мен ондай қыздарды қаламаймын. Бірақ, әрине кез келген қазақ қазақ қызын алғанды жақсы көреді ғой. Ең бастысы санасы биік, пейілі кең болғанын қалаймын", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Отандық жұлдыздардың ерке балалары қандай көлік мінеді? (фото)

Еске салсақ, бұдан біраз уақыт бұрын ол болашақ келіні, яғни ұлының сөйлесіп жүрген қызымен жақын араласатынын елге жайып салған болатын.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 136

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .