1529392 Жігер Садықов: ЭКСПО-дан кейін Қазақстан гүлденіп кетеді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Жұлдыздар мен VIP клиенттерді қабылдайтын көріпкел болашақта не күтіп тұрғанын айтты (фото)

Бүгінде көріпкелдікпен айналысатын экстрасенстердің бағы жанып тұр. Әсіресе елді аузына қаратқан жұлдыздардың басым бөлігі түрлі балгерлерге барып, өз өміріне болжам жасайды. Сондай VIP клиенттерді қабылдайтын тағы бір қазақ жігіті - Жігер Садықов. Ол ЭКСПО-дан кейін ел жағдайы қалай өзгереді деген сұраққа жауап беріп, NUR.KZ порталына өз болжамдарымен бөлісті.

- Жігер, сіз экстрасенс ретінде көпшілікке «Руки помощи» жобасы арқылы танылдыңыз...

- Иә, дәл солай. 2013 жылы мен «Битва экстрасенсов» жобасының қатысушысы Әлия Сәлімова жетекшілік ететін экстрасенсорика орталығы аясында Muz Life арнасындағы «Руки помощи» жобасының финалисі атандым. Эфирдегі екі сағат аралығында біз адамдарға барынша көмек көрсетуге тырыстық. Бұл жоба өз форматының ерекше болуымен есте сақталды. Жоба аясында кез келген азамат түрлі түйткілді проблемаларды шешіп, өзін толғанырып жүрген сұрақтарға нақты жауап ала алды. Сондай-ақ, дәл осы жылы мен СТВ арнасындағы «Путь успеха» шоуына қатысып, онда да ақтық сынына дейін жеткен болатынмын.

- Қазір немен айналысып жүрсіз?

- Дәл қазір Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау жүргізіп жатырмын.

Жұлдыздар мен VIP клиенттерді қабылдайтын көріпкел болашақта не күтіп тұрғанын айтты (фото)

Жігер Аша Матайдың анасымен бірге. Фото Жігер Садықовтың Instagram парақшасынан алынды

- Күніне қанша адам қабылдайсыз? Бір қабылдауға қанша аласыз?

- Аталған жобалардан кейін жеке қабылдауыма келіп, көмек сұрайтын азаматтар саны көбейді. Негізі күніне 8 адамнан қабылдаймын. Ал мүгедектер мен қарттарды тегін қабылдаймын. Жалпы кез келген азамат менің қабылдауыма келіп, өзін толғандырып жүрген түрлі сауалдарға жауап ала алады. Мен олардан тек бір-ақ нәрсені талап етемін - қабылдауға мас және есірткі, анашаны шеккен күйде келмесе болғаны.

Көмек сұрап, маған сеніп келген адамға, қолымнан келгенше жәрдем етуге тырысамын.

Жұлдыздар мен VIP клиенттерді қабылдайтын көріпкел болашақта не күтіп тұрғанын айтты (фото)

Жігер тележүргізуші Мәдина Балғабаевамен бірге. Фото Жігер Садықовтың Instagram парақшасынан алынды

- Әлеуметтік желідегі парақшаларыңыздың бірінде қабылдауыңызда Бәтес Мұхитдинова (авт. - Аша Матайдың анасы) сияқты танымал тұлғалардың да болғанын байқадық. Негізі «вип», яғни, қалталы  клиенттерді жиі  қабылдайсыз ба? Олардан қанша ақша аласыз?

- Мен адамдарды «вип» немесе басқа деп бөліп жармаймын. Десе де, ауқатты адамдардың қабылдауға жазылатынын жасырмаймын.

Жұлдыздар мен VIP клиенттерді қабылдайтын көріпкел болашақта не күтіп тұрғанын айтты (фото)

Динара Сәтжанмен. Фото Жігер Садықовтың Instagram парақшасынан алынды

- Көпшілік өзіңіз сияқты көріпкелдерді сынға алып, оларды Аллаға серік қосқаны үшін сынап жатады. Оған қалай қарайсыз?

- Біз бәріміз адамбыз ғой. Бірде-бір көріпкел немесе емші өзін Алладан ешқашан биік санамайды. Менің ойымша, көріпкел  - Алла мен адамдар арасындағы дәнекер, оларды бір-бірімен байланыстырушы жандар.

- Бүгінде Астанада күллі әлем көз тіккен «ЭКСПО 2017» көрмесі өтуде. Көрменің ұйымдастырылу деңгейі қалай болды? Көрме өткеннен кейін елімізді қандай өзгерістер күтіп тұр?

- Ең алдымен, бұл шара біздің ел үшін, ауқымды, ерекше шара екенін айтқым келіп отыр. Көрмеден кейін, 2017-2018 жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап дамып, сыртқы саясатта елеулі өзгерістер болады. Тек оң өзгерістер болады деген болжам жасап отырмын. Алдағы жылдары Қазақстанның ішкі экономикасында тың өзгерістер болып, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артатын болады.

- Яғни, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарады ғой?...

Иә, халқымыздың әл-ауқаты қазіргіден де жақсарып, көптеген баспанасы жоқ отбасылар көп ұзамай үй алатын болады.

Жұлдыздар мен VIP клиенттерді қабылдайтын көріпкел болашақта не күтіп тұрғанын айтты (фото)

Эстрада әншісі Рано Омаровамен бірге. Фото Жігер Садықовтың Instagram парақшасынан алынды

- Ал жаһандағы өзгерістер туралы не айтасыз? Көптеген көріпкелдер ХХІ ғасырда үшінші дүниежүзілік соғыс болады деген болжам айтып жатыр...

- Жоқ, мен ол болжамдармен келіспеймін. Әлем бойынша қандай да бір соғысты көріп тұрған жоқпын. Керісінше, дүниежүзіндегі көп ұлттардың арасында бейбітшілік орнап, халық бейбіт өмір сүретін болады.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 73

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .