Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибігүл Төлегенова байыса 4-5 бала туған әйелін тастап кететін қазақтарды сөгіп тастады

Опубликовано:

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова байып кетсе 4-5 бала туған әйелін тастап, жас әрі әдемі қыздарға көз сүзетін қазақ жігіттерін сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, "қазақ байыса қатын алады" деген сөз жайдан-жай айтылмаған.

"Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады дейді. Біздің қазақтың жігіттері байи бастаса 4-5 бала туған бұрынғы әйелі  керек болмай қалады. Оған жасырақ әйел керек. Ол әдемі болу керек. Ол әйел де екі-үш бала туған соң кім болады? Оны ойламайды", - деді әнші.

"Үш бала емес, төрт-бес, тіпті алты баламен тастап жатқан отбасылар көп. Қазіргі кезде тіпті әйелдер тастап кететін болған. Ол енді сән болып кеткен", - деді әнші.

Сонымен бірге әнші өзінің анасының қиын тағдыры туралы да айтып берді. Өзінің де жеке өмірінде жолы болмағанын айтып, қазіргі жастарға ақыл-кеңесін аямады.

"Анамыз жеті баламен жиырма бес жасында қалды далада. Әкеміз 37 жылы атылып кеткенен кейін, бізді далаға қуып жіберді. Күзде тізеден қар кешіп, біз анамызбен сүйретіліп Қатон-Қарағайдан Семейге келдік. Анамыз көп қиындық көрді. Өзімнің жеке өмірімде бағым ашылған жоқ.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың әкесі ұлына осы күнге дейін қол көтеріп келгенін мойындады

Үш баламен жалғыз қалып, соларды жалғыз өзім көтердім. Жұмыс істедім. Бәрін істедім. Жалғыз өзім жүріп солардың бәрін оқыттым. Сондықтан қазіргі балаларын тастап кететеін аналарға айтарым: әуелден тақымын қысып отыру керек", - деді Бибігүл Төлегенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1529207-bibigul-tolegenova-bayysa-4-5-bala-tughan/

pixel