Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадан қуылған жалаңаяқ "бомждың" жанайқайы көпшілікті тебірентті (видео)

Опубликовано:

Астана-Қарағанды тас жолының бойында жалғыз өзі жалаңаяқ кетіп бара жатқан жолаушыны көрген куәгерлер оның бұл күйге қалай түскенін сұрастырды. Азаматтың айтуынша, оны полиция қызметкерлері Астанадағы ауласында отырған жерінен ұстап, көлікке тиеп әкеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Алексей Луговой соңғы бір апта бойы нәр татпағанын айтады. 34 жастағы жастағы жігіт өзінің аш-жалаңаш күйде тас жолдың бойында не істеп жүргенін түсіндірді. Оның бұл видеомәлімдемесін Facebook қолданушысы Арман Даниель жариялады.

"Менің есімім Алексей Луговой, Астанада тұрамын. Алты күн бұрын аулада отырғанымда формадағы жігіт пен қарапайым киім киген азамат келіп, өздерін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырды. Құжаты барлар оны оларға көрсетті. Ал құжатын өзімен бірге алып жүрмеген біз оларға үйден алып келейік деп айтып едік, тыңдамады. Көлікті шақырды да бізді соған тиеді. Қарағанды тас жолының бойында бізді автобусқа отырғызды. Ал оның ішінде 46 адам отыр екен. Оның арасында кәрі кісілер, мүгедектер де болды. Негізінде басым бөлігі үй-жайы бар адамдар. Бізді қаланың шетіне алып шығып кетті. Содан бізді Сарышағанға әкеліп, автобустың есігін ашты да жібере салды. Қайда барарымызды білмедік. Олардан бұл әрекеттерінің себебін сұрап едік, олар бізге мұны ЭКСПО-ға байланысты жоғарыдан келген бұйрық деп түсіндірді.  Құжатын өзімен бірге алып жүрмеген, үстінен ішімдіктің иісі шығып тұрған азаматтардан қаланы тазалау керек екен ", - дейді Алексей.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да тағы да шу: Шымкенттен келген бір топ мұғалімді күзетшілер кіргізбей қойды

Астанадан қуылдым деген азамат өзінің құжатының түгел екенін, тұрғылықты мекен-жайында тіркелгенін, туған-туыс, ата-анасы бар адам екенін алға тартады.

Алексей Луговой жеті күн бойы жол жиегінде, көк шөптің үстінде түнеп шығыпты. Сондай-ақ ол судан басқа аузына ештеңе алмағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1525914-astanadan-quylghan-zhalanhayaq-bomzhdynh-zh/

pixel