1525750 Продюсер: Келіп бетіме айтып, дәлелдесін! ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Баян Есентаева өзін "қылмыскерге" теңеген қазақ жазушысына жауап берді

Бүгінде Баян Есентаева өмірінде орын алған түрлі жайттардан соң, басынан өткенін ақ параққа түсіріп, ел алдына бүкіл өмірін жайып салмаққа бел буған. Алайда кітап сатылымға шықпай-ақ, оны сынап-мінегендер аз болған жоқ. Продюсер өзін кітап жазғаны үшін "қылмыскерге" теңеген қазақ жазушысына жауап берді.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Баян Есентаева өзін "қылмыскерге" теңеген қазақ жазушысына жауап берді

Баян Мақсатқызы

Ғұмырнамалық кітабының құнын ол үш мың мен төрт мың теңге айналасында бағалауда. Бірден жиырма мың тиражбен шығаруға бекінген. Қаламы қарымды отандық жазушылардың өзі мұндай үлкен шығарылымнан жүрексінер еді. Баян ханым өз туындысын, оқырманның таласа сатып аларына бек сенімді.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы телеарна басшылығынан неге кетті?

"Кітабымның неғұрлым көбірек сатылғанын қалар едім. Себебі, сатылымнан түскен қаржы әйелдердің құқығын қорғайтын орталықты құруға жұмсалады. Бұл да кітап жазуыма түрткі болған себептердің бірі", - дейді ол.

«Автобиографиям елге таралмай жатып-ақ қысастық көрсеткендердің талауына түстім», - дейді ол. Баян ханымның жазушылығын белгілі қаламгерлер Аманхан Әлімұлы сынға алса, әріптесі Мырзан Кенжебай бұл кітапты «жазу мен насихаттауды қылмысқа» балаған болатын.

"Пиар компания үшін оларға алғыс білдіремін! Ер азаматтармен тайталасқым келмейді! Себебі, олар азаматтар! Менің кітабым - «қылмыс» деген пікірлері болса, бетіме келіп айтып, дәлелдесін. Әйел адамды ренжіту нағыз ер азаматқа тән емес", - деді ол.

Источник: Nur.kz
В статье: Баян Есентаева

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 130

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .