1524971 Асқар Ұзабаев: Маған кінә арту үшін топас болу керек шығар ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Баян Есентаева Ақботаның үш балалы актерге қосылғанына кімді кінәлады?

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің махаббат дауы әлі де басылар емес. Баян Есентаева өзінің қарамағындағы Ақботаның үш баласы бар Айдарқұловпен көңіл жарастырғанына Ұзабаевты кінәлаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасынан белгілі болды.

Баян Есентаева Ақботаның үш балалы актерге қосылғанына кімді кінәлады?

Ақбота мен Дәурен

"Дәурен маған ұл балалы болғанын айтып хабарласты. Мен оларға бақыт, сабыр, ал Дәуренге ақыл берсін деп тілер едім", - дейді Асқар Ұзабаев.

Гламур для дур фильміне режиссерлік жасап, басты рөлге Ақбота мен Дәуренді таңдаған Асқар Ұзабаев бұл фильмнен кейін басы дауға қалғанын айтады. Ол бұл тұста көп сөз естігенін де айтып қалды. Асқарға ренішін білдіргендердің қатарында "Кешью" тобының продюсері Баян Мақсатқызы болған. Ол шәкіртінің отбасылы адаммен көңіл жарастырғанына Ұзабаевты кіналаған. Ол жас әншінің жұрыс-тұрысын қадағаламағаны үшін режиссер кінәлі деген пікірде болған.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы телеарна басшылығынан неге кетті?

"Маған қатысты реніш болған шығар. Бірақ екеуі жас емес. Мен түсіру алаңынан тыс жерде олардың не істеп жүргенін қайдан білемін. Мен олардың әкесі сияқты жанында жүріп, мынамен айналысу керек, мынамен айналыспау керек демейтін шығармын. Олар ересек адамдар. Әркім өзі үшін жауап береді.

Бірақ біз адамбыз ғой. Біреуді жақсы көріп қаламыз, айырылысып кетеміз. Бірақ мені бұл үшін кінәлау үшін топас болу керек шығар", - деді ол.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 51

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .