Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше қасиетінің арқасында әлемге танылған кімдер?

Опубликовано:

Супер кейіпкерлер тек қиял-ғажайып әлемінде бар деп айтуға асықпаңыз. NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап, ерекше қасиеті мен мутациясының арқасында әлемге танылған адамдарды назараларыңызға ұсынады.

Лью Тоу Лин - Магнетто

Лью Тоу Лин - өз денесіне 36 келі затты тарта алатын ерекше адам. Малайзия технологиялық университетінің ғалымдары оның денесі тартылыс күшіне ие екенін анықтаған. Бір қызығы, Лью денесіне темірді ғана емес, кірпіш секілді өзге де бұйымдарды тарта алады. Ал бұл қабілеті ұрпағына да беріліп, үш немересі Льюдің ерекше қасиетіне ие болған.

Адам сенгісіз асте сақтау қабілетіне ие Дэниел Таммет

Аспергер синдромына шалдыққан Дэниел бәрін ерекше дәлдікпен есіне сақтай алады. Мәселен ол 2004 жылы Пи санын 22514-ші таңбасына дейін дәл жазып берген. Бұл бес сағаттан астам уақытты алыпты.

Алыстан көре алатын Вероника Сейдер

Вероника Сейдер өзінен 1,6 шақырым қашықтықтағы адамның түрін анық көре алады. Оның көзі қарапайым адамнан 20 есе жақсы көреді.

Ерекше көру қабілетіне ие Дэниел Киш пен Бен Андервуд

Таңдайын қағу арқылы дыбыс толқындарымен айналасын көре алатын зағип жандар да бар екен. Дэниел Киш пен Бен Андервуд көзі көрмесе де, қоршаған ортаны дыбыс арқылы ерекше дәлдікпен көретіні соншалық, жұртты таң қалдырған.

Жануарлардың тілін түсінетін Кевин Ричардсон 

Кевин – жануарлар тілін түсінетін зоолог. Оның ерекше қабілеті арыстандар арасында емін-еркін жүруге мүмкіндік береді. Тіпті гиеналар да оны өз үйірінің бір мүшесі деп қабылдайды екен.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік келіншек күйеуіне бала туып беретін жас қыз іздеп жүр (фото)

Компьютер-адам – Шакунтала Деви

Шакунтала Деви (1929 – 2013) – бірнеше секундта-ақ ең қиын есептерді шемішкедей шағатын ерекше ақылды адам. Тіпті компьютерлер оның шығарған есебіне бір минуттан астам уақыт жұмсайды.

Фотографиялық есте сақтау қабілетіне ие суретші Стивен Уилтшир

Аутизмге шалдыққан суретші Стивен кез келген жер бедерін бір көре салып, есінде сақтай алады. Есінде сақтап қана қоймай, оны ерекше дәлдікпен қайта салып бере алады.

Мұз адам – Вим Хоф

Голландиялық Вим Хоф тибеттік йоганың қыр-сырына үйренгеннен кейін суыққа ерекше төзімділікке ие болған. Ол тастай суық жерде екі сағат тыр жалаңаш отырса да, еш мұздамайды.

Суперсамурай – Исао Мачии

Исао Мачии - айналасындағы кез келген затты қақ ортасынан бөле алатын нағыз самурай. Ол, тіпті өзіне қарай ұшқан әр пластикалық оқты секунд сайын қылышымен бөліп отырады.

Ұйқы дегенді білмейтін Тхай Нгок

Тхай мүлде көз шырымын алмаса да, денсаулығында ешбір кінәрат жоқ.

Энергиясы таусылмайтын Дин Карназес

Дин – сексен сағат тоқтамай жүгірсе де, еш шаршамайды. Себебі ол энергиясы тез қалыпқа келетін қабілетке ие.

Темір асқазан – Мишель Лотито

Француз Мишель Лотито (1950 – 2007) жеуге келмейтін заттарды жей алатын адам. Ол тіпті бүтін бір ұшақты біртіндеп жеп тастаған. Алайда асқазаны бұған еш ауырсынбайды.

Электр адам– Радж Мохан Наир

Радж Мохан жеті жасында анасы қаза болғаннан кейін өзіне қол салмақ болады. Ол электр сымын ұстаса да, өмірмен қош айтыса алмады. Себебі, Радж электр тоғына еш қиналмайтын қабілетке ие.

Тим Кридланд — мүлде ауырсынуларды сезбейтін адам.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар анықталды

Ол өзіне қандай жарақат салса да, ауырсынуды мүлде сезбейді.

Джо Роллино — Халк.

Халк атанып кеткен Джо Роллиноның бойы 165 см, салмағы 68 келі. Оның ерекше мықтылығын бір саусағымен ғана 290 келіні көтергенін көргенде-ақ ұғасыз. Ер адам еш уақытта ет жеп, ішімдік ішіп, темекі шекпеген. 104 жыл өмір сүрген Джо Роллино көлік апатынан қаза болмағанда, әлі де тірі жүрер ме еді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1523242-x-adamdar-erekshe-qasieti-men-mutaciyasy/

pixel